https://sputnik.kz/20240408/quandyqpen-birge-namaz-oqimyn-bishimbaevtyn-advokattary-saltanattyn-khatyn-oqyp-berdi-43510463.html
"Қуандықпен бірге намаз оқимын": Бишімбаевтың адвокаттары "Салтанаттың хатын" оқып берді
"Қуандықпен бірге намаз оқимын": Бишімбаевтың адвокаттары "Салтанаттың хатын" оқып берді
Sputnik Қазақстан
Бишімбаевтың қорғаушылары ұсынған хат судьяның өзін таңғалдырды 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T11:50+0500
2024-04-08T11:50+0500
2024-04-08T11:50+0500
қуандық бишімбаевтің ісі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43390700_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_ff55aa6ef863fe9eaee3b2647777af2f.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Астанада өтіп жатқан сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенова күйеуіне жазды делінген хатты оқып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сот отырысы барысында Бишімбаевтың қорғаушылары іс материалдарына блокнотты қосуды өтінді. Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, блокнотта Салтанат Нүкенованың күйеуіне жазған қолхаты бар.Хатта Салтанат күйеуіне бұдан былай сенетінін, оны қызғанбайтынын, психологқа тұрақты түрде барып тұратынын, Қуандықты сыйлайтынын және оны тыңдайтынын жазған.Бұл хат судьяның өзін таңғалдырды."Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме жазып отыр ма? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелі күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет көріп тұрмын", - деді судья Айжан Күлбаева.Жәбірленуші тарап блокнотты іс материалдарына қосуды қолдады. Олардың пікірінше, бұл жазба Бишімбаевтың Нүкеноваға психологиялық қысым көрсеткенін дәлелдейді. Ал мемлекеттік айыпталушылар хатты марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жазып-жазбағаны белгісіз екенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл блокнот жайлы ешкім білмеген.Судья хатты іс материалдарына қосудан бас тартты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/03/43390700_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f56e7aca8fd43d2e0168c235ea4ce905.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаевтің ісі
"Қуандықпен бірге намаз оқимын": Бишімбаевтың адвокаттары "Салтанаттың хатын" оқып берді
Бишімбаевтың қорғаушылары ұсынған хат судьяның өзін таңғалдырды
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Астанада өтіп жатқан сотта экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары марқұм Салтанат Нүкенова күйеуіне жазды делінген хатты оқып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот отырысы барысында Бишімбаевтың қорғаушылары іс материалдарына блокнотты қосуды өтінді. Адвокат Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, блокнотта Салтанат Нүкенованың күйеуіне жазған қолхаты бар.
Хатта Салтанат күйеуіне бұдан былай сенетінін, оны қызғанбайтынын, психологқа тұрақты түрде барып тұратынын, Қуандықты сыйлайтынын және оны тыңдайтынын жазған.
"Буду уважать, ценить нашу любовь, отношение ко мне. Обязуюсь заботиться, уважать всегда, поддерживать моего любимого Куандыка, буду читать намаз вместе с Куандыком, буду работать над своим сознанием, расти духовно и беречь свой дом и нашу любовь с помощью Аллаха. Когда-то он нас соединил, и я очень благодарна ему за свою любовь и за своего мужа", – деп жазылған блокнотта.
Бұл хат судьяның өзін таңғалдырды.
"Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме жазып отыр ма? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелі күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет көріп тұрмын", - деді судья Айжан Күлбаева.
Жәбірленуші тарап блокнотты іс материалдарына қосуды қолдады. Олардың пікірінше, бұл жазба Бишімбаевтың Нүкеноваға психологиялық қысым көрсеткенін дәлелдейді. Ал мемлекеттік айыпталушылар хатты марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жазып-жазбағаны белгісіз екенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұл блокнот жайлы ешкім білмеген.
Судья хатты іс материалдарына қосудан бас тартты.