Қазақстан-Ресей достығына сызат түсіруді көздейтін ақпараттық шабуыл көбейіп кетті – СІМ

© Sputnik / Владислав ВодневГерб, Министерство иностранных дел РК
Герб, Министерство иностранных дел РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Жалған ақпараттарды тарату кезінде жаңа технологиялар, нейрожелі, жасанды интеллект пайдаланылуда
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан мен Ресейдің достығын бұзуға бағытталған ақпараттық шабуыл туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Соңғы кездері Қазақстанға қарсы ақпараттық шабуыл көбейіп кетті. Әрине, оның бәрі Қазақстан мен Ресейдің арасын құрту, достық қарым-қатынасты бұзуға бағытталған", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Мысалы, Татарстандағы объектілерді Қазақстаннан ұшырылған дрондар атқылады деген ақпарат тарады. Оған қоса, Қазақстан Ресейдің қару-жарағын Украинаға сатып жатыр деген ақпарат жарияланды.
"Мұның бәрі жалған мәлімет. Оны бірден Қазақстанның қорғаныс министрлігі "жалған ақпарат" деп жоққа шығарды. Біз ресейлік тараппен мұндай ақпараттық шабуылға қарсы бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Барлық деңгейде байланыс орнатылған. Ресейлік тарапқа алғыс білдіреміз. Көптеген факті расталмай жатыр. Бұдан бөлек, үшінші күштер мұны пайдаланып, өз әрекеттерін істеп жатыр", - деді Смадияров.
Мәселен, жуырда жасанды интеллектіні пайдаланып, Мемлекеттік думаның депутаты Андрей Гурулёвтің даусымен Қазақстанға қарсы тағы жаман сөздер айтқызған. Депутат әлеуметтік желілерде видео түсіріп, бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Осының бәрін ескеріп, біз Ресейдің барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарымен тікелей байланыс орнаттық, деп толықтырды сөзін ол.
"Соның арқасында біз жағымсыз әрекеттерге тиімді қарсы тұра аламыз. Осыған байланысты барлық азамат пен БАҚ өкілін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", деді Смадияров.
Жаңалықтар
0