Президент апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента Казахстана Паводки в регионах Казахстана. Весна 2024 года
Паводки в регионах Казахстана. Весна 2024 года  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Министрдің баяндамасына сүйенсек, қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қираған тұрғын үйлерді тез арада қалпына келтіруді тапсырды.
Министрдің баяндамасына сүйенсек, қазіргі уақытта су басқан өңірлерде жаңа тұрғын үй салу үшін жобалық-сметалық құжаттаманың құнын бекіту жұмыстары аяқталып келеді.
Сонымен қатар Қанат Шарлапаев өнеркәсіптік даму, геология, жер қойнауын пайдалану және құрылыс салаларындағы жұмыстың нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады.
Мәліметке сәйкес, биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 7,4 пайызды құраған. Өндіріс көлемін ұлғайтуда машина жасау, металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп сияқты салалардың үлесі зор. Жалпы құны 1,5 триллион теңге болатын 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның арқасында 17,8 мың жұмыс орны ашылмақ. Былтыр 157 мың тұрғын үй салынған.
Министрдің хабарлауынша, биыл 172 мың тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ жалға берілетін 22 мың тұрғын үйдің құрылысына мемлекеттен 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. "Отбасы банкі" арқылы қаржыландыру көлемі 300 миллиард теңгені құрайтын бағдарлама іске қосылады. Бұл ел азаматтарына 12 мың ипотекалық займ беруге септігін тигізеді, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге қатысты аукциондарды электронды форматта өткізу үшін E-Qazynakz цифрлық платформасының іске қосылған.
Павлодар облысындағы су тасқыны  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
"Адам күші де, техника да жеткілікті": әкімдер президентке есеп берді
Жаңалықтар
0