https://sputnik.kz/20240408/batys-qazaqstanda-su-tasqynyna-baylanysty-sibir-zharasy-qorymdarynyn-beti-ashylyp-zhatyr-43525196.html
Батыс Қазақстанда Сібір жарасы қорымдарын су басты
Батыс Қазақстанда Сібір жарасы қорымдарын су басты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 8 мал қорымын, сондай-ақ 14 сібір жарасы қорымын тасқын су басып қалды, деп жазады "Уральская неделя"... 08.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-08T19:15+0500
2024-04-08T19:15+0500
2024-04-08T20:35+0500
су тасқыны
қауіпті ауру
https://sputnik.kz/img/101/47/1014752_0:0:2900:1631_1920x0_80_0_0_62ff6f38e695a585eaf32b0062ad60e0.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 8 мал қорымын, сондай-ақ 14 сібір жарасы қорымын тасқын су басып қалды, деп жазады "Уральская неделя" басылымы.Облыстық ветеринария басқармасы аурудың қоздырғышы топырақта сақталатынын, сондықтан малдың ауру жұқтыру қаупі бар екенін айтты. Мал дәрігерлері су тасқыны болған аймақтарда үй жануарларын сібір жарасына және эмфиматозды карбункулға қарсы мүмкіндігінше тезірек егуді көздеп отыр.Сондай-ақ ол 2024 жылдың 8 сәуіріндегі алдын ала мәліметтер бойынша облыс аймақтарында су тасқынынан 219 бас ірі қара, 1552 бас қой-ешкі, 54 жылқы, 97 шошқа және 119 бас құс қырылғанын айтты.Ветеринариялық қызмет жергілікті әкімдіктермен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарындағы өлген мал өлексесін жою жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 115 бас ірі қара, 1246 бас ұсақ мал, 23 бас жылқы, 81 құстың өлексесі өртеніп, арнайы қазылған шұңқырларға көмілген.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/101/47/1014752_186:0:2790:1953_1920x0_80_0_0_0b8f2b9d960784a4e5ddabbcd26d7653.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, қауіпті ауру
Батыс Қазақстанда Сібір жарасы қорымдарын су басты
19:15 08.04.2024 (жаңартылды: 20:35 08.04.2024) АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 8 мал қорымын, сондай-ақ 14 сібір жарасы қорымын тасқын су басып қалды, деп жазады "Уральская неделя" басылымы.
Облыстық ветеринария басқармасы аурудың қоздырғышы топырақта сақталатынын, сондықтан малдың ауру жұқтыру қаупі бар екенін айтты. Мал дәрігерлері су тасқыны болған аймақтарда үй жануарларын сібір жарасына және эмфиматозды карбункулға қарсы мүмкіндігінше тезірек егуді көздеп отыр.
"Облыстағы су тасқынына байланысты 8 мал қорымы мен 14 сібір жарасы қорымына су кірді. Төтенше жағдай болған аумақтарда жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында барлық мал ветеринариялық қызметтердің бақылауында болады. Барынша қысқа мерзімде қоздырғыштары топырақта сақталатын сібір жарасына, эмфизематозды карбункулға қарсы барлық жануарға вакцина егіледі", - деді облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Нұрқайыр Құсайынов аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ ол 2024 жылдың 8 сәуіріндегі алдын ала мәліметтер бойынша облыс аймақтарында су тасқынынан 219 бас ірі қара, 1552 бас қой-ешкі, 54 жылқы, 97 шошқа және 119 бас құс қырылғанын айтты.
Ветеринариялық қызмет жергілікті әкімдіктермен бірлесіп Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарындағы өлген мал өлексесін жою жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні 115 бас ірі қара, 1246 бас ұсақ мал, 23 бас жылқы, 81 құстың өлексесі өртеніп, арнайы қазылған шұңқырларға көмілген.