Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 94 отбасы біржолғы төлем алды

© Sputnik / Антон ПережогинПоселок Кызылжар-2 в Актобе
Поселок Кызылжар-2 в Актобе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2024
Жазылу
Дүйсенбіде тағы 83 отбасы төлем алады. Басқа өтініш берушілердің құжаттарын комиссия тексереді
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Ақтөбе өңірінде кейінгі үш күнде табиғи апаттан жапа шегіп, қиын жағдайға түскен 88 отбасы 300 мың теңгеден және 6 отбасы 369 200 теңгеден алды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Берілген төлемнің жалпы құны 28 миллион теңгеден асады.
Облыс бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді алуға барлығы 346 өтініш берілді:
Қобда ауданынан – 104,
Темірден – 36,
Мұғалжар өңірінен – 43,
қалған құжаттар Ақтөбеден тапсырылған.
Дүйсенбіде тағы 83 отбасы төлем алады. Басқа өтініш берушілердің құжаттарын комиссия тексереді. Оған сегіз күнтізбелік күн беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, үйлері су басқан ақтөбеліктер мен Әйтеке би ауданының тұрғындары 300 мың теңгеден алады. Басқа аудандардың тұрғындары - 100 АЕК немесе 369 200 теңгеден.
"Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы төлем тағайындау үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгіну қажет", - деп жазылған хабарламада.
Сәйкестендіру үшін өтініш беруші жеке куәлік, акт және су тасқынынан келтірілген залалды растайтын анықтама және банктік шоттың 20 таңбалы нөмірін ұсынады.
Тұрғындар мен кәсіпкерлерге су тасқынының кесірінен келген материалдық шығынды есептеу үшін Ақтөбе облысының әр ауданында жеке комиссия құрылғанын атап өткен жөн.
7 сәуірдегі жағдай бойынша 2 115 өтініш түсті. Комиссия мүшелері залалды бағалау үшін Ақтөбе, Әйтеке би, Қобда, Мұғалжар, Темір аудандарындағы 1 482 үйді аралап шықты. Ойыл ауданында судың жоғары деңгейіне байланысты мүлікті бағалау жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр.
Тіркелмеген мүлікті, негізінен бау-бақша мүлкін бағалау үшін жеке механизм пысықталады.
Жаңалықтар
0