https://sputnik.kz/20240406/su-tasqyny-toqaev-ukimetke-memlekettik-materialdyq-rezervti-paydalanudy-tapsyrdy-43490945.html
Тоқаев халыққа көмектесу үшін мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды
Тоқаев халыққа көмектесу үшін мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Материалдық шығындар толық өтеледі, деді ол 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T13:38+0500
2024-04-06T13:38+0500
2024-04-06T13:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308822_128:0:1152:576_1920x0_80_0_0_0c3ef5d254a50e5c6d1c4599dd12e51c.jpg
АЛМАТЫ, 6 сәуір - Sputnik. Су басқан аймақтарда материалдық шығындар толық өтеледі. Бұл туралы президент халыққа үндеуінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, деді ол.Президент халыққа көмектесу үшін үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды."Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет. Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс", - деді Тоқаев
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43308822_256:0:1024:576_1920x0_80_0_0_90fb8fc9de8bd3f8125f81bb1d6189e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, су тасқыны
қасым-жомарт тоқаев, су тасқыны
Тоқаев халыққа көмектесу үшін мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды
13:38 06.04.2024 (жаңартылды: 13:40 06.04.2024) Материалдық шығындар толық өтеледі, деді ол
АЛМАТЫ, 6 сәуір - Sputnik. Су басқан аймақтарда материалдық шығындар толық өтеледі. Бұл туралы президент халыққа үндеуінде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі, деді ол.
"Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес. Апаттардың алдын алу жұмысындағы кемшіліктен бастап, су шаруашылығы мамандарының тапшы болуы, табиғатқа немқұрайлы қарауға дейін көп мәселені реттеу қажет. Үкімет және жергілікті атқарушы органдар су тасқынымен күресті тиімді үйлестіріп отыруға тиіс. Су басқан аумақтарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажет", - деді ол.
Президент халыққа көмектесу үшін үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырды.
"Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет. Жағдайы неғұрлым күрделі аймақтардағы жұмысты үйлестіру үшін Үкімет басшысының орынбасарларына аймақтарға шығуды тапсырамын. Олар ахуал түзелгенше сол жерде болады. Ақпараттық штаб азаматтарды мемлекет қабылдап жатқан барлық шаралар жөнінде үздіксіз және жан-жақты хабардар етіп отыруға тиіс", - деді Тоқаев