Шымкенттік жүргізушілер ұзын-сонар кептеліске шағымданды

© PhotoШымкент келбеті
Шымкент келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.04.2024
Жазылу
Тұрғындар соңғы бес жылдан бері әртүрлі инстанцияларға балама жол салуды сұрап хат жазып келеді
АЛМАТЫ, 6 сәуір – Sputnik. Шымкентте темір жол өткелі арқылы өтетін жолдағы ұзын-сонар кептеліс жүргізушілерді әбден мезі етті, деп хабарлады 24KZ.
Қарбалас уақытта, таңертең және кешке мұнда көлік кептелісі бірнеше шақырымға дейін созылады.
"Осы жағынан да, сол жағынан да 2-3 сағаттық бірнеше шақырым көлік кептелісі болады. Әсіресе қарбалас уақытта – жұмысқа асығып бара жатқанда, жұмыстан қайтып келе жатқанда қиын", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Әділхан Наурызов.
Жақын маңдағы Тассай шағын ауданының тұрғындары апат болса не жедел жәрдем, не өрт сөндірушілер уақытында келе алмайды дейді. Олардың үйлеріне тағы бір жол бар. Бірақ жергілікті тұрғындар ол жермен жүруге қорқады, өйткені жол туннель арқылы өтеді. Онда машиналар мезгіл-мезгіл тұрып қалады, дейді.
Тұрғындар соңғы бес жылдан бері әртүрлі инстанцияларға қалыпты балама жол, теміржол қоршаулары мен көшелерді жарықтандыруды сұрап хат жазып келеді. Ал әкімдік осы жерде көпір салу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып жатқанын айтады.
"Әкіммен бірге ол жаққа бардық, пойыздардың саны жыл сайын артып келе жатқанын көрдік, осыған байланысты кептелістер пайда болды. Қазіргі уақытта біздің басқарма жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде, ол 95 % дайын. ҚТЖ-мен бірге техникалық шартты алып, мемлекеттік сараптамаға кіреміз", - дейді Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.
Құрылыс-монтаж жұмыстары биыл басталуға тиіс. Бірақ жаңа көпір жобасын жүзеге асыру үшін жолға жақын үйлерді бұзу керек. Мамандар мұнда ешқандай кедергі болмайды деп үміттенеді. Әйтпесе, құрылыс кешіктірілуі мүмкін.
Жаңалықтар
0