https://sputnik.kz/20240406/qostanay-oblysynyn-tagy-bir-audanynda-totenshe-zhagday-engizildi-43487972.html
Қостанай облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай енгізілді
Қостанай облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай енгізілді
Sputnik Қазақстан
Жалпы облыс бойынша су тасқының алдын алу мен салдарын жою бойынша шаралар жүргізіліп жатыр 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T10:43+0500
2024-04-06T10:43+0500
2024-04-06T10:43+0500
қостанай облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_63bea123b577cb0dc85cfd8ba76b727c.jpg
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Қостанай ауданы әкімінің шешімімен аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Жағалауды нығайту жұмыстары, еріген суды сору және бұру жұмыстары тоқтаған жоқ.Жалпы облыс бойынша су тасқының алдын алу мен салдарын жою бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.Облыстық жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықты және малдарды эвакуациялау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.4 сәуірде Қарасу өзенінде су деңгейінің күтілетін көтерілуі салдарынан су басу қаупіне байланысты Қарамырза ауылынан алдын ала 108 адам эвакуацияланды.Жалпы, бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша 1392 адам эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1967 адам жұмылдырылды.5 сәуірде Тобыл өзенінің жаяу жүргіншілер көпіріне жақын орналасқан қалалық жағажай аймағында мұз жару жұмыстарын жасады. Жасалған жарылыс оң нәтиже берді. Қазір мамандар мұз жамылғысын тексеріп жатыр.
https://sputnik.kz/20240404/qostanay-oblysynda-tobyl-zhane-qaratomar-su-qoymalary-erneuinen-asty-43452499.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_285c278a06969a18a8a05cb810ac37dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, су тасқыны
қостанай облысы, су тасқыны
Қостанай облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай енгізілді
Жалпы облыс бойынша су тасқының алдын алу мен салдарын жою бойынша шаралар жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Қостанай ауданы әкімінің шешімімен аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі. Жағалауды нығайту жұмыстары, еріген суды сору және бұру жұмыстары тоқтаған жоқ.
Жалпы облыс бойынша су тасқының алдын алу мен салдарын жою бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.
Облыстық жедел штаб отырысында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов халықты және малдарды эвакуациялау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
4 сәуірде Қарасу өзенінде су деңгейінің күтілетін көтерілуі салдарынан су басу қаупіне байланысты Қарамырза ауылынан алдын ала 108 адам эвакуацияланды.
Жалпы, бүгінгі таңда Қостанай облысы бойынша 1392 адам эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына 1967 адам жұмылдырылды.
5 сәуірде Тобыл өзенінің жаяу жүргіншілер көпіріне жақын орналасқан қалалық жағажай аймағында мұз жару жұмыстарын жасады. Жасалған жарылыс оң нәтиже берді. Қазір мамандар мұз жамылғысын тексеріп жатыр.