https://sputnik.kz/20240406/prezident-atyrau-oblysy-akimine-qonyrau-shaldy-43486888.html
"Шығын толығымен өтеледі": президент Атырау облысындағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр
"Шығын толығымен өтеледі": президент Атырау облысындағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтты 06.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-06T09:04+0500
2024-04-06T09:04+0500
2024-04-06T09:16+0500
қасым-жомарт тоқаев
атырау
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309737_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_3d21bb2e721613cd8d2e64581f9dfe89.jpg
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.Еске салсақ, Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жауаптылар түнде ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы мектептерге эвакуациялады.5 сәуірде Атырау облысы Құлсары қаласында алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты. Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 5 мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның 214-і балалар. Олардың барлығы алты уақытша эвакуациялық пункте орналасқан. Маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін барлығы 83 мың адамға есептелген екі жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309737_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_b015a188a0d43b63a51b00c395dac703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, атырау
қасым-жомарт тоқаев, атырау
"Шығын толығымен өтеледі": президент Атырау облысындағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр
09:04 06.04.2024 (жаңартылды: 09:16 06.04.2024) Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтты
АСТАНА, 6 сәуір - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шапкеновке қоңырау шалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы аймақтағы су тасқынын бақылауда ұстап отыр. Су тасқыны қаупін азайтуға бағытталған шаралар қабылданады әрі күшейтіледі. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектеседі, зиян келтірілген материалдық шығын толығымен өтелетін болады" — делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы бірде-бір отбасы мемлекеттің назарынан тыс қалмайтынын айтып, оларға сәлем жолдап, барынша қолдау көрсетілетінін айтты.
Еске салсақ, Атырау облысының Жылыой ауданында
төтенше жағдай жарияланды. Жауаптылар түнде ауыл тұрғындарын аудан орталығындағы мектептерге эвакуациялады.
5 сәуірде Атырау облысы Құлсары қаласында алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты.
Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 5 мыңға жуық жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Оның 214-і балалар. Олардың барлығы алты уақытша эвакуациялық пункте орналасқан.
Маңғыстауда азаматтарды қабылдау үшін барлығы 83 мың адамға есептелген екі жүзден астам эвакуациялық пункт құрылды.