Қазақстанда электр энергиясының тарифі бір жылда 26%-ке өсті - статистика

© Photo : Рixabay/ComfreakЛампочка, электричество
Лампочка, электричество - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Ал жылдық динамика бойынша Атырау облысында ең жоғары баға байқалды: плюс 68,2%
АЛМАТЫ, 5 сәуір - Sputnik. Қазақстанда электр энергиясына тарифтер биылғы жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша бір айда 5,9%-ке, ал бір жылда 26,1%-ке өсті, деп хабарлайды портал Energyprom.kz.
Өңірлік бөліністе ай сайынғы динамикада Солтүстік Қазақстан облысының тарифі қымбат болды.
Шығыс Қазақстанда 19,8%, Абай облысында 19,7%, Павлодар облысы - 19%, Алматы облысында - 17,9% қымбаттады.
Қалған 14 аймақта бағалар 2024 жылдың ақпандағы тариф күйінде қалды.
Ал жылдық динамика бойынша Атырау облысында ең жоғары баға байқалды: плюс 68,2%.
Жыл сайынғы өсім:
Павлодар (плюс 48,5%),
Шығыс Қазақстан (плюс 44,5%),
Абай (плюс 44,3%),
Солтүстік Қазақстан (плюс 37%) облыстары.
Жылдық тариф ең аз өскен Астана, плюс 7,6%.
Өткен жылдың наурыз айындағы тарифтік дейгей тек Ұлытау облысында ғана сақталған.
Биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 21,4 млрд кВт·сағ электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 3,2%-ке артық.
Өңірлік бөліністе электр генерациясының ең көп көлемі Павлодар облысында өндірілді: 9,3 млрд кВт·сағ, былтырғы қаңтар-ақпанға қарағанда 4,4%-ке артық. Бұдан әрі Қарағанды облысы: 2,3 млрд кВт·сағ, плюс жылына 6,3%. Көшбасшылардың үштігінде Атырау облысыы, мұнда 1,4 млрд кВт·сағ, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,9%-ке артық.
Бұл үш аймақ бүкіл ел бойынша электр энергиясының 60,7% өндіреді.
Жаңалықтар
0