https://sputnik.kz/20240405/qazaqstan-men-ozbekstan-temirzhol-salasynda-birlesken-kasiporyn-qurmaq-43476755.html
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол саласында бірлескен кәсіпорын құрмақ
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол саласында бірлескен кәсіпорын құрмақ
Sputnik Қазақстан
Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады 05.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-05T19:16+0500
2024-04-05T19:16+0500
2024-04-05T19:16+0500
қасым-жомарт тоқаев
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_0:61:1280:781_1920x0_80_0_0_293f025d2a77298add503e04df8d002a.jpg
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің келіссөздері барысында айтылды.Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз барысында мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды.Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк терминалдарын өзара тиімді негізде пайдалану.Аталған жоба екіжақты сауданы жандандырып, тауар тасымалының көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызады.Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_80:0:1201:841_1920x0_80_0_0_fe3816352610aa9a896b5b94c6bd2f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, өзбекстан
қасым-жомарт тоқаев, өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол саласында бірлескен кәсіпорын құрмақ
Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады
АСТАНА, 5 сәуір - Sputnik. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің келіссөздері барысында айтылды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келіссөз барысында мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударды.
Осы ретте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті алтыншы консультативтік кездесуіне дайындық барысы, сондай-ақ С5+ форматындағы ықпалдастық перспективалары талқыланды.
Екі ел басшылары өңірдегі өзара ынтымақтастықты нығайту үшін Қазақстан мен Өзбекстанның теміржол әкімшіліктері арасында бірлескен кәсіпорын құру туралы бастамаға қолдау білдірді. Бұл бірлескен кәсіпорынды құрудағы мақсат – Қытай – Қазақстан – Өзбекстан бағытындағы жүк тасымалын ұйымдастыру үшін қазақ-қытай шекарасындағы және Өзбекстандағы жүк терминалдарын өзара тиімді негізде пайдалану.
Аталған жоба екіжақты сауданы жандандырып, тауар тасымалының көлемін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ оңтүстік бағыттағы жүк тасымалын ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызады.
Бірлескен кәсіпорын Трансауған бағытын дамытуға жұмылдырылады.