Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды – Олжас Бектенов

© Sputnik / Елена БережнаяАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Үкімет басшысы фермерлер мен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне де көмек көрсетілетінін айтты
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Су басқан үйлердің барлығы құжатының бар-жоғына қарамастан, қалпына келтіріледі. Премьер-министр Олжас Бектенов Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр жөндеуге жарамды тұрғын үйлер мен инфрақұрылымның сапасына ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су басқан үйлердің барлығы құжатының бар-жоғына қарамастан, қалпына келтірілетін болады. Мемлекет ешкімді баспанасыз, далада қалдырмайды. Осындай қиын жағдайда ірі, орта бизнес, сондай-ақ кішігірім компаниялар және елдің тағдырына бей-жай қарамайтын қарапайым азаматтар қол ұшын созып жатыр", — деді штаб басшысы.
Оның айтуынша, бюджет қаражатына қосымша тұрғын үйлерді қалпына келтіруге, жоғалған мүлік пен мал шығынын өтеуге бағытталатын қомақты сома жиналды.
"Мердігер компаниялар осындай қиын жағдайды бизнеске айналдырмайды және барлық қаражат мақсатты түрде жұмсалады деп сенемін", - деп толықтырды Бектенов.
Сондай-ақ үкімет басшысы фермерлер мен ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне көмек көрсетілетінін айтты.
"Үкімет фермерлер мен мал иелеріне несиелер мен лизингтік міндеттемелерді кейінге шегеру бойынша қолдау көрсетеді. Төлемдер кешіктірілген жағдайда айыппұл салынбайды", — деді премьер-Министр.
Сонымен қатар Штаб отырысында тасқын кезеңіне алдын ала дайындалған өңірлердің бар екенін, сондықтан су тасқынының салдары соншалықты жойқын болмағанын атап өтті. Мәселен, Қарағанды облысында ауқымды судың көлеміне қарамастан, елді мекендерді жаппай су алып кеткен жоқ. 6-7 жыл бұрын ауылдардың айналасында бөгеттер салынып, суды бұратын арықтар қазылған. Мұның барлығы – уақтылы қабылданған қарапайым шешімдер. Ол өз тиімділігін дәлелдеді.
Сондықтан әрбір елді мекен бойынша осы жылдың күзіне дейін жойқын су тасқынының алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Әкімдердің есептері үкімет отырыстарында тұрақты түрде тыңдалады.
Қаржы министрі Мәди Такиев су тасқыны салдарынан шаруашылық қызметі бұзылған жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілерінің барлығына берілген өтінішіне сай несиелер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылғанын баяндады.
Плотина - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Бектенов Ақтөбе облысындағы гидротехникалық құрылыстарды жан-жақты тексеруді тапсырды
Жаңалықтар
0