ЕАЭО-да ет және ет өнімдерін өндірудің жаңа техникалық регламенттері күшіне енеді

© Sputnik / Абзал КалиевМясо жертвенного животного
Мясо жертвенного животного  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Таңбалауда көрсетілетін сою және ет өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы ақпаратқа өзгерістер енгізілді
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. 7 сәуірден бастап ЕАЭО-да ет және ет өнімдеріне қатысты техникалық регламенттерге енгізілген өзгерістер күшіне енеді, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) баспасөз қызметі.
Өзгерістер таңбалауда көрсетілетін сою және ет өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы ақпаратқа қатысты екені айтылды. Өнім құрамындағы ақуыз таңбалауда көрсетілген мәннен 80%-дан кем болмауы керек; майлар, көмірсулар, энергетикалық құндылығы (калория мөлшері) - 120% аспауы керек.
"Өзгерістерді енгізуге сойылған малдардың еті мен сою өнімдеріндегі, оның ішінде шикізат ретінде пайдаланылатын өнімдердегі ақуыздар мен майлар табиғи біркелкі еместігі себеп болып отыр", - делінген хабарламада.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий өзгерістер шикізаттың ерекшеліктері мен ет өңдеу өнеркәсібінің ерекшеліктерін ескере отырып, қоректік заттардың құрамын бақылауға қатысты мәселелерді шешуге бағытталғанын айтты. Сондай-ақ тұтынушыларды адастыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында орындалған.
Валентин Татарицкийдің айтуынша, жаңа талаптарды енгізу Одақ елдеріндегі бизнесті жүргізу шарттарына оң әсер етеді.
2024 жылдың 7 сәуіріне дейін өзгертулер енгізілген, берілген немесе қабылданған құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды. Бұл өнімдерді өндіруге және айналымға шығаруға осындай құжаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін рұқсат етіледі, өнім айналымына өндіруші белгілеген жарамдылық мерзімі аясында рұқсат етіледі.
Жаңалықтар
0