Қоғам

Бишімбаев ісі: желідегі танымал парақша Айжан Аймағановаға қатысы жоқ болып шықты

Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
Жалған парақшаға жазылғандар саны 15 мыңнан асқан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Instagram* әлеуметтік желісінде танымал бола бастаған парақшаны Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова ашқан жоқ. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.
Прокуратураның ақпаратынша, әлеуметтік желіде "aijan.aimaganova" атты жалған парақша анықталған. Жазылушылар саны 15 000 мыңнан асады. Парақшада Бишімбаев сотынан видео үзінділері мен мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың жеке суреттері жарияланған.
Сондай-ақ, парақшада мынадай жазба жарияланған: "Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!".
"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары. Бұл парақшаның және басқа да жаңадан құрылған парақшалардың Аймағановаға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз", - деді прокуратурадағылар.
Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотқа тартылып жатыр. Сот алқабилердің қатысуымен өтуде.
* Ресейде тыйым салынған
Куандык Бишимбаев на предварительном судебном слушании - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Бишімбаев Салтанаттың иегінен қан аққанда неге жедел жәрдем шақырмағанын айтты
Жаңалықтар
0