Батыс Қазақстанда екі ауылдың тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

© МЧС РКАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты екі ауылдың тұрғындары көшірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады
"Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінде тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.
Бұл іске облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ведомствоның мәліметінше, Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде 1 бала бар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2024
Қар тез еріп жатыр – су тасқыны салдарынан 8 автожол жабылды
Жаңалықтар
0