https://sputnik.kz/20240405/astanalyqtar-su-tasqynynan-zardap-shekken-onirlerge-250-tonnaga-zhuyq-komek-zhiberdi-43456167.html
Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық көмек жіберді
Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық көмек жіберді
Sputnik Қазақстан
Елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр 05.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-05T08:30+0500
2024-04-05T08:30+0500
2024-04-05T08:30+0500
астана
гуманитарлық көмек
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43455627_0:57:1079:664_1920x0_80_0_0_4f3797539756bf9c9e63dc70738c61f0.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.Елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр.Қостанай облысында Қазақстан жастар конгресінің волонтерлері еріктілердің жұмысын үйлестіріп, Астанадан гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр.Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына елорданың жоғары оқу орындары да қосылды: Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында: The one қонақүйі, "Әсем", "Рахмет", "Шапағат" сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері.Сонымен қатар елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау мақсатында әлеуметтік шара ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды. Қазіргі таңда қалалық Ассамблея мүшелері мен еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам көмек көрсетті.Жиналған көмектің ішінде негізгі орынды киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар мен аяқ киім алады.Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктеріне апара алады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43455627_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_e41e9c26e5dae3e3aa1f1252669397d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, гуманитарлық көмек, су тасқыны
астана, гуманитарлық көмек, су тасқыны
Астаналықтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық көмек жіберді
Елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Астанадан су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 250 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтілді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті бар, жинауға 30-ға жуық ерікті ұйым атсалысып жатыр. Күн сайын 200-ден астам ерікті қажетті заттарды сұрыптап, жөнелтеді. Ниет білдірушілер жылы киім-кешек, азық-түлік, дәрі-дәрмек, алғашқы қажеттілік заттарын әкеліп жатыр.
Қостанай облысында Қазақстан жастар конгресінің волонтерлері еріктілердің жұмысын үйлестіріп, Астанадан гуманитарлық көмектің жеткізілуін қамтамасыз етіп жатыр.
"Қостанай облысында жұмыс істеп жатқанымызға 5 күн болды. Біздің волонтерлар гуманитарлық көмекті түсіріп, таратуға көмектеседі. Ең алдымен азық-түлік, моторлы қайықтар, генераторлар, резеңке етік, сол сияқты су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қажеттінің бәрі әкелініп жатыр", – дейді Қазақстан жастар конгресінің жетекшісі Бағдәулет Жанділдаев.
Сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмысына елорданың жоғары оқу орындары да қосылды: Мақсұт Нәрікбаев университеті, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті, ESIL университеті. Көмек көрсеткен өзге ұйымдардың қатарында: The one қонақүйі, "Әсем", "Рахмет", "Шапағат" сауда үйлері және басқа да бизнес құрылымдарының өкілдері.
Сонымен қатар елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Достық үйінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау мақсатында әлеуметтік шара ұйымдастырды. Көмек Ақмола және Қарағанды облыстарының тұрғындарына жеткізіледі. Зардап шеккендерге киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиена құралдары, төсек-орын, ыдыс-аяқ және дәрі-дәрмек жиналды. Қазіргі таңда қалалық Ассамблея мүшелері мен еріктілер су тасқынынан зардап шеккендерге жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам көмек көрсетті.
Жиналған көмектің ішінде негізгі орынды киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар мен аяқ киім алады.
Еріктілер қаржылық көмекті қабылдамайды. Қызығушылық танытқандар қажетті өнімдерді жинап, қабылдау пунктеріне апара алады.