Жамбыл облысында жұмыс істемеген мердігерге 75 млн теңге төленген

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Жазылу
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Жамбыл облысында прокурорлар жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен қаражат төлеу дерегін анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
"Тараз прокуратурасы қала әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені мердігерге негізсіз аударғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Аталған дерек бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық істі тіркеді.
Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.
Тергеу амалдары жүргізілуде, ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Жаңалықтар
0