Boxrec.com рейтингі: Шымбергенов өзбек боксшыларын артқа тастап, бірінші орынды иеленді

Асланбек Шымбергенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Жазылу
Шымбергенов – қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Boxrec.com сайтының рейтингінде 71 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Асланбек Шымбергенов көш бастады, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстан құрамасының капитаны титулды өзбекстандық боксшылар Асадхуджа Муйдинхуджаев пен Саиджамшид Джафаровтан жоғары тұр, олар сәйкесінше екінші және үшінші орындарға жайғасты.
Естеріңізге сала кетейік, Шымбергенов – қазіргі әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионы.
Муйдинхуджаев та қазіргі әлем чемпионы, бірақ Ташкентте өткен турнирде басқа салмақта – 67 келіде өнер көрсетті. Джафаров екі дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Сондай-ақ 71 келі салмақта BoxRec рейтингінің үздік бестігінде ресейлік боксшы Андрей Замковой мен жапон Севон Окадзава бар.
Махмуд Сабырхан - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2024
Спорт
Қазақстан боксшылары Олимпиаданың жеті жолдамасын ұтып алды – алда тағы бір жарыс бар
Жаңалықтар
0