Бишімбаев бір айда қанша ақша тапқанын айтты

© пресс-служба специализированного межрайонного суда по уголовным делам АстаныКуандык Бишимбаев на предварительном судебном слушании
Куандык Бишимбаев на предварительном судебном слушании - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Бүгін сотта Қуандық Бишімбаев Салтанаттың иегінде болған екі сантиметрлік жарақатты көре тұра, жедел жәрдем неге шақырмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Бишімбаев Салтанатқа ай сайын 4 миллион теңгеден аударғаны туралы айтқан. Осыған байланысты жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова одан айына қанша табыс тапқанын сұрады. Экс-министр алдымен ресми жалақысын айтты.
"Мен ресми түрде жұмыс істеген жерде айлығым 1 миллион теңге болды. Бұл – жалақым. Ал ай сайынғы табысым мейрамханың кірісіне қарай 8-15 миллион болған", - деді Бишімбаев.
Бишімбаев "BAU" мейрамханасының қожайыны екенін растады. Ал мейрамхана орналасқан Гастро орталықта анасының үлесі бар.
"Ол жерде бірнеше серіктес бар. Солардың бірі - анам",- деп атап көрсетті Бишімбаев.
Жаңалықтар
0