https://sputnik.kz/20240404/batyrlardyn-qurmetine-everestke-ekspeditsiya-uyymdastyrylady-43425167.html
Батырлардың құрметіне Эверестке экспедиция ұйымдастырылады
Батырлардың құрметіне Эверестке экспедиция ұйымдастырылады
Sputnik Қазақстан
Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр 04.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-04T08:57+0500
2024-04-04T08:57+0500
2024-04-04T08:57+0500
альпинист
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1b/17172439_0:113:1200:788_1920x0_80_0_0_096084bb967809fe1b5a1bb6c54c3670.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың 6 сәуірінде басталады.Шыңға шығу Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы күштері Тау даярлығы орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар.Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр.Эверест шыңына (8849 м) шығар алдында экспедиция мүшелері ауа райының қолайлы болуын күтеді. Эверестегі табиғи жағдайлар төтенше – дауылды желдер, минус 50°C дейінгі аяздар, көшкіндер, жартастар, мұз жарықтары және жауған қар. Жоспар бойынша өрмелеу 12-16 сағатқа созылады. Түсуге 6-8 сағаттай кетеді және шыңға шығу сияқты ептілік пен жинақылықты қажет етеді.Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, оның ең маңызды міндеті – экспедиция мүшелерінің өмірі мен денсаулығын сақтау. Кәсіпқойлық, тәуекелге көп бармау және топ мүшелерінің тәртіпке бағынуы – аңызға айналған альпинист басшылыққа алатын негізгі қағидалар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/1b/17172439_0:0:1200:900_1920x0_80_0_0_2b98674776cdb0ce55100844fb2593d7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
альпинист
Батырлардың құрметіне Эверестке экспедиция ұйымдастырылады
Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың 6 сәуірінде басталады.
Шыңға шығу Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы күштері Тау даярлығы орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар.
Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр.
"Біз ел тарихының жаңа беттерін жазып қана қоймай, спортшылардың жас буынын шабыттандыруымыз керек, – деді Мақсұт Жұмаев. – Егер қазіргі заманғы қыздардың ең биік шыңдарды ер адамдармен тең дәрежеде бағындыруға дайындығы мен күші болса, онда біз оларға бұл қадамды жасауға көмектесуіміз керек".
Эверест шыңына (8849 м) шығар алдында экспедиция мүшелері ауа райының қолайлы болуын күтеді. Эверестегі табиғи жағдайлар төтенше – дауылды желдер, минус 50°C дейінгі аяздар, көшкіндер, жартастар, мұз жарықтары және жауған қар. Жоспар бойынша өрмелеу 12-16 сағатқа созылады. Түсуге 6-8 сағаттай кетеді және шыңға шығу сияқты ептілік пен жинақылықты қажет етеді.
Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, оның ең маңызды міндеті – экспедиция мүшелерінің өмірі мен денсаулығын сақтау. Кәсіпқойлық, тәуекелге көп бармау және топ мүшелерінің тәртіпке бағынуы – аңызға айналған альпинист басшылыққа алатын негізгі қағидалар.