Тайваньда кейінгі 25 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – фото
Тайваньда кейінгі 25 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болды – фото
Sputnik Қазақстан
Тайвань маңында бірнеше жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апат болған жердегі қирандылардың алғашқы суреттерін топтамадан көріңіз 03.04.2024, Sputnik Қазақстан
Бұл Тайваньдағы кейінгі 25 жылдағы ең күшті жер сілкінісі. Жерасты дүмпулері Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасында да сезілді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Жапонияда цунамиге әкелуі мүмкін.
Тайвань маңында бірнеше жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апат болған жердегі қирандылардың алғашқы суреттерін топтамадан көріңіз
Бұл Тайваньдағы кейінгі 25 жылдағы ең күшті жер сілкінісі. Жерасты дүмпулері Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасында да сезілді. Сарапшылардың пікірінше, бұл Жапонияда цунамиге әкелуі мүмкін.
Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметі бойынша магнитудасы 7,7 болатын бірінші жер сілкінісі Жапония уақыты бойынша сағат 8:58-де Тайваньның шығыс жағалауында болды. Жер сілкінісінің тереңдігі әлі анықталған жоқ, тек оның су астында "өте таяз тереңдікте" болғаны белгілі болды.
Суретте: Қытайдың шығысындағы Тайваньдағы Хуалян қаласындағы жер сілкінісінен кейін қисайып тұрған ғимараттың жанындағы іздеу-құтқару тобының мүшелері.
Арада 15 минут өтпей жатып, магнитудасы 6,6 болатын тағы бір жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің тереңдігі тағы да "өте таяз" екені анықталды.
Суретте: Қытайдың шығысындағы Тайваньдағы Хуалян қаласында жер сілкінісі болғаннан кейін іздестіру-құтқару тобының мүшелері қисайған ғимарат ішінде зардап шеккендерді іздеуде.
Жерасты дүмпулері Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасында да сезілді. Жер сілкінісінен кейін Окинава, Мияко және Яеяма аралдары тобына цунами қаупі төнді. Мамандар толқынның биіктігі үш метрге жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
Суретте: Токио, Жапония жаңалықтарында Тайвань маңындағы жойқын жер сілкінісінен кейінгі цунами туралы ескерту айтылып жатыр.
Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава аралындағы Наха әуежайы аймақта цунами қаупі жарияланғаннан кейін ұшақтарды қабылдауды және ұшыруды уақытша тоқтатты. Сонымен қатар терминалдағы адамдар ғимараттың үшінші қабатына көшірілді.
Тайвань аралынан табиғи апат салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы алғашқы ақпарат келді.
Суретте: Қытайдың шығысындағы Тайваньның Хуалян қаласындағы жер сілкінісінен кейін қисайып тұрған ғимараттың маңында жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер жанында тұрған үкімет қызметкерлері мен журналистер.