Оралда аспалы көпірдің астанда мұз кептелісі пайда болды: саяжайларды су басты
08:05 03.04.2024 (жаңартылды: 08:36 03.04.2024)
© Photo : Пресс-служба акима Абайской области Паводки в Абайской области
© Photo : Пресс-служба акима Абайской области
Жазылу
Қазіргі уақытта қаладағы өзен маңындағы саяжайларда шамамен 10 мыңнан аса адам тұрады.
АЛМАТЫ, 3 сәуір - Sputnik. Шаған және Деркөл өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қазіргі таңда Самал ауданы маңындағы саяжайларға су келіп жатыр.
"Сол себепті осы аумақта орналасқан "Мичуринское", "Объединённое", "Ветеран", "Звёздочка" саяжайларындағы адамдарды эвакуациялау жұмысы басталды. Уақытша тұратын үйлері жоқ адамдар эвакуациялық пункттерге орналасуда. Тұрғындарды эвакуациялауға барлығы 12 автобус жұмылдырылған", - деп хабарлайды әкімдік.
Бос қалған үйлерді полиция қызметкерлері күзетіп жүр. Айта кетейік, қазіргі уақытта қаладағы өзен маңындағы саяжайларда шамамен 10 мыңнан аса адам тұрады.
Шаған өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласында Самал ауданындағы аспалы көпірде мұз кептелісі пайда болды. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды.
Шаған өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласында Самал ауданындағы аспалы көпірде мұз кептелісі пайда болды. Өзендегі мұз кедергісіз өту үшін аталған аудандағы аспалы көпірді кесу туралы шешім қабылданды.
Бұл жұмысқа 7 арнайы техника, 20 маман жұмылдырылды. Көпірді су деңгейінен жоғары көтеру мақсатында тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде мұз кептелісі қозғалып, өзеннің төменгі ағысына кедергісіз өтуде. Қазір аталған жерде кезекшілік ұйымдастырылған.