https://sputnik.kz/20240403/su-tasqyny-astana-eriktileri-30-tonnaga-zhuyq-gumanitarlyq-komek-zhiberdi-43385569.html
Су тасқыны: Астана еріктілері 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді
Су тасқыны: Астана еріктілері 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді
Sputnik Қазақстан
Қала бойынша 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады 03.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-03T08:45+0500
2024-04-03T08:45+0500
2024-04-03T08:45+0500
астана
еріктілер
гуманитарлық көмек
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14536681_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_bb49c659b8ced870d9317079388923fd.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. "Астана Жастары" еріктілері қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен облыстардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Қала бойынша 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам еріктілер қажетті заттарды сұрыптауға және жөнелтуге көмек көрсетеді. Сарыарқа, 13 көшесіндегі еріктілер пунктінде қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары жиналып, дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды алып келуде.Астана қалалық еріктілер штабы төрағасының орынбасары Эльвира Есмұханованың айтуынша, 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген.Айта кету керек, заттарды сұрыптау арнайы алгоритм бойынша жүреді:"Әр тармақтың заттарды қабылдаудың өзіндік саясаты мен ережелері бар. Тұрғындар көбінесе киім мен гигиеналық құралдарды әкеледі. Осыған байланысты біз киімді мұқият сұрыптаймыз. Заттар өтімділікке тексеріліп, бөлек қораптарға салынады. Кейде біз оларды қалалық әлеуметтік қоймаларға береміз, олар өз кезегінде оларды халықтың әлеуметтік осал топтарына жібереді", - деді спикер.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14536681_251:0:1751:1125_1920x0_80_0_0_0da81fae5b9bd41d9ad15e1c55ed10b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, еріктілер, гуманитарлық көмек
астана, еріктілер, гуманитарлық көмек
Су тасқыны: Астана еріктілері 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді
Қала бойынша 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. "Астана Жастары" еріктілері қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен облыстардың тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау акциясын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала бойынша 9 гуманитарлық көмек қабылдау пункті ұйымдастырылды, жиынға 30-ға жуық еріктілер ұйымы қатысады. Күн сайын 200-ден астам еріктілер қажетті заттарды сұрыптауға және жөнелтуге көмек көрсетеді. Сарыарқа, 13 көшесіндегі еріктілер пунктінде қаланың бей-жай қарамайтын тұрғындары жиналып, дәрі-дәрмек, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық керек-жарақтарды алып келуде.
Астана қалалық еріктілер штабы төрағасының орынбасары Эльвира Есмұханованың айтуынша, 29 наурыз бен 1 сәуір аралығында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 30 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілген.
"Біздің штабта шамамен 30-40 ерікті жұмыс істейді. Күн сайын біз үлкен жүк көліктерімен 4-5 тоннадан астам заттарды жөнелтеміз. Бұған дейін Ақтөбеде "Жақсылық жаса" қозғалысының еріктілері толтырған алғашқы көлік жөнелтілген болатын. Сондай-ақ Қостанай облысына 7 жүк көлігі кетті. Тілендиев көшесі бойындағы жинау нүктесінде елорда тұрғындарының өздері жинау нүктелерін жариялайды. Бүгін тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шарасын өткізу үшін Целиноград ауданына құралдарды (күректер, қаптар, құм) жіберу жоспарлануда", - деді Эльвира Есмұханова.
Айта кету керек, заттарды сұрыптау арнайы алгоритм бойынша жүреді:
1 санат – химия және гигиена;
3 санат – ерлер мен әйелдер киімдері;
"Әр тармақтың заттарды қабылдаудың өзіндік саясаты мен ережелері бар. Тұрғындар көбінесе киім мен гигиеналық құралдарды әкеледі. Осыған байланысты біз киімді мұқият сұрыптаймыз. Заттар өтімділікке тексеріліп, бөлек қораптарға салынады. Кейде біз оларды қалалық әлеуметтік қоймаларға береміз, олар өз кезегінде оларды халықтың әлеуметтік осал топтарына жібереді", - деді спикер.