https://sputnik.kz/20240403/qazaqstanda-qant-ondirisi-birden-tort-esege-qysqardy-43392529.html
Қазақстанда қант өндірісі бірден төрт есеге қысқарды
Қазақстанда қант өндірісі бірден төрт есеге қысқарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар - ақпанда қант өндірісі азайып кетті, деп жазды Еnergyprom.kz. 03.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-03T11:18+0500
2024-04-03T11:18+0500
2024-04-03T11:18+0500
қант
өндіріс
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17116520_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_c476cd3cf3dc9678a73ae83ab909065c.jpg
АСТАНА, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар - ақпанда қант өндірісі азайып кетті, деп жазды Еnergyprom.kz.Қамыс немесе қызылша қантының шикі және тазартылған өндірісі төрт есеге төмендеген.Жылдың алғашқы екі айында 15,5 мың тонна өндірілді, бұл былтырғы жылдың дәлі осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе аз.Ал 2022 жылғы қаңтар - ақпанмен салыстырғанда өндіріс көлемі 40,3%-ке қысқарды.Қаңтар айында отандық қант зауыттары 6 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылдың қаңтарына қарағанда бірден 5,4 есе аз. Осы кезеңде импорт тек 23,3%-ке қысқарды, яғни, импорттың үлесін 49,2%-тен 80,2%-ке дейін арттырды. Экспорт және реэкспорт биылғы қаңтарда 10,5 мың тонна болды, ал ішкі нарықта сату бір жылда 3,2 есе азайып, 19,8 мың тоннаны құраған.Былтыр ақпанда бір килограмм түйіршіктелген қанттың орташа бөлшек сауда бағасы 458 теңге болса, ал биылғы ақпанда 391 теңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы ақпанда Қазақстан бойынша түйіршіктелген бір кг қант бағасы 296 теңге болған.2024 жыл наурыз айының қорытындысы бойынша түйіршіктелген қант бағасы бір айда бірден 3,2%-ке өсті, бұл 2022 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін, ақпан айында қант 1,5%-ке, өткен жылдың наурызында 2,2%-ке, ал 2022 жылдың наурызында бірден 34,3%-ке өсті.Бір жыл ішінде түйіршіктелген қант 10,1%-ке арзандады.Өткен жылдың наурызымен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде түйіршіктелген қант арзандады.Алайда, өндірістің осындай көрсеткіштерімен баға саласында жаңа тосынсыйлар күтуге болады, деп жазады Еnergyprom.kz.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/15/17116520_119:0:1256:853_1920x0_80_0_0_7b2e7af867d2eefcdf10ccaedf702056.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, өндіріс
АСТАНА, 3 сәуір - Sputnik. Қазақстанда биыл қаңтар - ақпанда қант өндірісі азайып кетті, деп жазды
Еnergyprom.kz. Қамыс немесе қызылша қантының шикі және тазартылған өндірісі төрт есеге төмендеген.
Жылдың алғашқы екі айында 15,5 мың тонна өндірілді, бұл былтырғы жылдың дәлі осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе аз.
Ал 2022 жылғы қаңтар - ақпанмен салыстырғанда өндіріс көлемі 40,3%-ке қысқарды.
Қаңтар айында отандық қант зауыттары 6 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылдың қаңтарына қарағанда бірден 5,4 есе аз. Осы кезеңде импорт тек 23,3%-ке қысқарды, яғни, импорттың үлесін 49,2%-тен 80,2%-ке дейін арттырды. Экспорт және реэкспорт биылғы қаңтарда 10,5 мың тонна болды, ал ішкі нарықта сату бір жылда 3,2 есе азайып, 19,8 мың тоннаны құраған.
Былтыр ақпанда бір килограмм түйіршіктелген қанттың орташа бөлшек сауда бағасы 458 теңге болса, ал биылғы ақпанда 391 теңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы ақпанда Қазақстан бойынша түйіршіктелген бір кг қант бағасы 296 теңге болған.
2024 жыл наурыз айының қорытындысы бойынша түйіршіктелген қант бағасы бір айда бірден 3,2%-ке өсті, бұл 2022 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін, ақпан айында қант 1,5%-ке, өткен жылдың наурызында 2,2%-ке, ал 2022 жылдың наурызында бірден 34,3%-ке өсті.
Бір жыл ішінде түйіршіктелген қант 10,1%-ке арзандады.
Өткен жылдың наурызымен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірлерінде түйіршіктелген қант арзандады.
Алайда, өндірістің осындай көрсеткіштерімен баға саласында жаңа тосынсыйлар күтуге болады, деп жазады Еnergyprom.kz.