https://sputnik.kz/20240402/zhol-zhabyldy-almaty-oblysynyn-taularynda-qar-koshkini-zhurdi-43361070.html
Жол жабылды: Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді
Жол жабылды: Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес берді 02.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-02T12:44+0500
2024-04-02T12:44+0500
2024-04-02T12:44+0500
тау көшкіні
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186048_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_a21c0a2be6a7ee71a15967997b4ae5d4.jpg
АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Алматы облысының тауларында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар көшкіні жүрді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Қар көшкіні Түрген ауылынан Батан ауылына баратын тас жолды жауып тастады. Ведомстводағылар жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.Құтқарушылар алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес берді.Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде мереке күндері 30-дан астам қар көшкіні болғаны хабарланды.Соның салдарынан Іле Алатауы тауларында өздігінен қар көшкіндері болды, деп хабарлады ведомство.Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні тіркелген күндер:"Ең ірі қар көшкіні Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде болды және көлемі 400 мың м3 қар болды. Қар көшкіні жалғасуда", - деп түсіндірді министрліктегілер.Дегенмен, қар көшкінінің басым бөлігі адам баласы жетуге қиын жерлерде, нысандар мен жолдардан алыс аумақта болды, деп сендірді төтенше жағдайлар министрлігі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0d/24186048_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_be15b5aca32b27b08b68504022a1e949.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тау көшкіні, алматы
Жол жабылды: Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүрді
Құтқарушылар алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес берді
АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Алматы облысының тауларында ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар көшкіні жүрді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазселденқорғау" мамандары жүргізген тексеру барысында Алматы облысындағы "Түрген ауылы – Батан ауылы" тас жолының 23,4 шақырымында қар көшкіні жүргені анықталды. Өздігінен қозғалған қар көшкінінің көлемі 187,5 м3 болды. Қар көшкінінің жүруіне ауа температурасының жоғарылауы және тау беткейлерінде қар жамылғысының айтарлықтай қоры жиналуы себеп болған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ", - делінген хабарламада.
Қар көшкіні Түрген ауылынан Батан ауылына баратын тас жолды жауып тастады. Ведомстводағылар жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Құтқарушылар алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес берді.
Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігінде мереке күндері 30-дан астам қар көшкіні болғаны хабарланды.
"Наурыздың 21-і мен 23-і аралығында республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының жоғарылауы аясында кей жерлерде қатты жауын-шашын жауды", - делінген хабарламада.
Соның салдарынан Іле Алатауы тауларында өздігінен қар көшкіндері болды, деп хабарлады ведомство.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні тіркелген күндер:
"Ең ірі қар көшкіні Қотырбұлақ өзенінің бассейнінде болды және көлемі 400 мың м3 қар болды. Қар көшкіні жалғасуда", - деп түсіндірді министрліктегілер.
Дегенмен, қар көшкінінің басым бөлігі адам баласы жетуге қиын жерлерде, нысандар мен жолдардан алыс аумақта болды, деп сендірді төтенше жағдайлар министрлігі.