https://sputnik.kz/20240402/toqaevtan-qatan-sogis-algan-ministr-qanday-ozgeris-bolatynyn-aytty-43359440.html
Тоқаевтан қатаң сөгіс алған министр қандай өзгеріс болатынын айтты
Тоқаевтан қатаң сөгіс алған министр қандай өзгеріс болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
Нұржігітов су тасқынына қарсы күрес және апаттың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді 02.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-02T09:46+0500
2024-04-02T09:46+0500
2024-04-02T09:46+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43345781_0:33:3513:2009_1920x0_80_0_0_a1e489cc1ffc0f926513b64993c6f76d.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жоспарына су тасқынына қарсы іс-шаралар енгізіледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.Президенттен қатаң сөгіс алған министр су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі кеңес өткізді. Оған су шаруашылығы комитетінің төрағасы және министрлік департаменттерінің директорлары, сондай-ақ "Қазсушар" РМК өңірлік филиалдарының және бассейндік инспекциялардың басшылары қатысты. Нұржігітов су тасқынына қарсы күрес және апаттың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.Оның айтуынша, министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара жедел іс-қимылдың маңыздылығы зор. Өйткені министрліктен бөлек, әкімдіктердің балансына кіретін су қоймалары да бар.Айта кетері, 30 наурызда Ақордада өткен шұғыл отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жариялады. Олардың ішінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов те бар. Бұдан бөлек, 1 сәуірде өткен жиында үкімет бекіткен Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын сынға алды. Тоқаевтың ойынша, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары декларативтік сипатқа ие. Құжат су тасқыны салдарынан болатын шығынның алдын алу және азайту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік бермейді. Ал министрліктер жауапкершіліктен қашып, бір-біріне сілтеп отырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43345781_395:0:3118:2042_1920x0_80_0_0_d21507313276b97a9e983ca17f366802.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Тоқаевтан қатаң сөгіс алған министр қандай өзгеріс болатынын айтты
Нұржігітов су тасқынына қарсы күрес және апаттың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған жоспарына су тасқынына қарсы іс-шаралар енгізіледі. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Президенттен қатаң сөгіс алған министр су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі кеңес өткізді. Оған су шаруашылығы комитетінің төрағасы және министрлік департаменттерінің директорлары, сондай-ақ "Қазсушар" РМК өңірлік филиалдарының және бассейндік инспекциялардың басшылары қатысты. Нұржігітов су тасқынына қарсы күрес және апаттың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
"Ақпан айында Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді, оны іске асырудың кешенді жоспары бар. Еріген қар суын ауыл шаруашылығында пайдалану жоспарын шұғыл әзірлеу қажет. Су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін барлық су қоймалары 100% толуы керек, бірақ су жинау кезеңі су шаруашылығы құрылыстарына зиян келтірмейтіндей өтуі керек",– деді Нұржігітов.
Оның айтуынша, министрлік пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара жедел іс-қимылдың маңыздылығы зор. Өйткені министрліктен бөлек, әкімдіктердің балансына кіретін су қоймалары да бар.
Айта кетері, 30 наурызда Ақордада өткен шұғыл отырыста президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар лауазымды тұлғаларға қатаң сөгіс жариялады. Олардың ішінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов те бар. Бұдан бөлек, 1 сәуірде өткен жиында үкімет бекіткен Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын сынға алды.
Тоқаевтың ойынша, тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары декларативтік сипатқа ие. Құжат су тасқыны салдарынан болатын шығынның алдын алу және азайту мәселесін кешенді түрде шешуге мүмкіндік бермейді. Ал министрліктер жауапкершіліктен қашып, бір-біріне сілтеп отырады.