Қазақстанның су басқан аудандарынан 16 мыңнан астам адам эвакуацияланды – ТЖМ

© Photo : Пресс-служба акима Абайской области Абай ауданындағы су тасқыны
Абай ауданындағы су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
320 жеке тұрғын үй мен 940 аула аумағынан су тартылды
АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанның су басқан аудандарынан құтқарушылар 16 151 адамды эвакуациялады, оның 6 316-і бала, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше , Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 3 881 адам, оның ішінде 1 655 бала бар.
Су тасқыны басталғалы бері ТЖМ құтқарушылары мен коммуналдық қызметкерлер 5,3 миллион текше метр еріген суды ағызды. Тек өткен тәулікте 304 мың текше метр қызыл су сорылды. Сонымен қатар елді мекендерде 782 мың тонна құм салынған 579 мыңнан астам, ал бір тәулікте 26 мың тонна құм салынған 47 мыңнан астам қап төселді.
2 сәуірдегі жағдай бойынша 320 жеке тұрғын үй мен 940 аула аумағынан су тартылды.
"Бұл ретте 1 374 жеке тұрғын үй мен 375 аула аумағы су астында қалып отыр", - дейді ТЖМ.
ТЖМ, қорғаныс министрлігі, ҰҚК және ІІМ Ұлттық ұланының 20 әуе кемесі су тасқынына қарсы рейстер жасайды.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарында 62 елді мекенге көлік қатынай алмай қалды, дейді министрлік.
Ведомствоның айтуынша, жергілікті әкімдіктер көлік бармай қалған ауылдармен байланыста, азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры үшін пункттер жұмыс істеп жатыр.
59 автожолды қызыл су шайып кетті, 4 көпір мен 55 жол төсемі бар. Сондай-ақ 93 автожол су астында қалды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына 12 287 адам, 2 830 бірлік техника, 782 су сорғыш және 103 жүзу құралдары жұмылдырылған.
Жаңалықтар
0