ЕАЭО азаматтық қорғанысқа арналған өнімдердің тізімін бекітті

© Photo : Правовой портал ЕАЭС ЕАЭО елдерінің тулары
 ЕАЭО елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
Енді Еуразия кеденшілері құтқару жұмыстарына арналған тауарларға бірыңғай талап қоя алады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы одақтың "Азаматтық қорғанысқа және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне кіретін өнімдердің тізбесін бекітті, деп хабарлады ЕЭК.
"Тізім бірінші рет бекітілді және оған техникалық регламентке жататын барлық өнім кіреді. Бұл техникалық регламент талаптарын орындауға ықпал етеді", - делінген комиссия хабарламасында.
Енді Еуразиялық экономикалық одақтың кез келген елінің кеденшілері төтенше жағдайлар кезінде құтқарушылардың жұмысына және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін бірыңғай стандарттар бойынша бақылай алады.
Жел энергетикасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2024
ЕАЭО елдері "жасыл энергетиканы" қалай дамытады
Жаңалықтар
0