Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту: жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр

© Photo : Фото из ВикипедииБалхашская ТЭЦ
Балхашская ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
Аталған жобаларды іске асыру моноқалалардағы жылу жүктемесін жабуға мүмкіндік береді
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Балқаш жылу электр орталығын жаңғырту жоспарланып отыр. Оның жалпы құны 27,2 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2027 жылы аяқтау жоспарланған, деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Бүгінде барлық 20 моноқала жарықпен, жылумен қамтамасыз етілген. Мәселен, бүгінгі таңда қазіргі қуат нарығы аясында екі жоба жүзеге асырылуда. Степногорск қаласында жалпы сомасы 25 млрд теңгеге "Степногорск жылу электр орталығы қазандық қондырғысын қалпына келтіру және турбоагрегатты ауыстыру" жобасы жасалып жатыр, жобаны 2026 жылы аяқтау жоспарланған", — деді энергетика министрі.
Министрдің айтуынша, жақын арада республикалық бюджет қаражаты есебінен Лисаковск қаласында "Орталық қалалық қазандықтың қажеттіліктері үшін газ-поршеньді қондырғы салу" жобасын салу жоспарланған, оның жалпы құны 858 млн теңге, аяқтау мерзімі – 2025 жыл.
Аталған жобаларды іске асыру моноқалалардағы жылу жүктемесін жабуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0