Алматыда судан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

© пресс-служба акимата АлматыАлматыда гуманитарлық көмек дайындалуда
Алматыда гуманитарлық көмек дайындалуда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2024
Жазылу
Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Айта кетері, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.
Гуманитарлық көмек тізім бойынша қабылданады:
азық-түлік;
ауыз су;
дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т.б.);
қажетті заттар (көрпе, көрпе қап, жастық және т.б.);
тұрмыстық заттар (шатыр, төсеніш, термос, шам, пауэрбанк, шәйнек, балалар ыдысы, емізік және т.б.);
гигиеналық құралдар (жөргек, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабын, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және т.б.).
Құтқару жұмыстарына әскерилер жұмылдырылды
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Астанадан өңірлерге 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді
Жаңалықтар
0