Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

ШЫҰ елдері Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Астанада кездеседі

© Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Биыл 2-3 сәуірде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының 19-шы кездесуі өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алдағы іс-шара Қазақстанның төрағалығымен өтеді және Ұйымға толыққанды мүше мемлекет ретінде алғаш рет Иран қатысады. Ұйымның бақылаушы мемлекеттері – Моңғолия мен Беларусь қонақ ретінде шақырылды", - деді ол сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте.
Айтуынша, осы кездесу аясында ұйымның жауапкершілік аймағының өзекті халықаралық мәселелері бойынша, оның ішінде "үш зұлымдық күштеріне" (терроризм, сепаратизм, экстремизм), есірткі мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа бірлесе қарсы тұру және халықаралық ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ БҰҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы сияқты көпжақты бірлестіктер аясындағы одан әрі әрекеттестік бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр.
Іс-шара қорытындысы бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесу хаттамасына қол қою жоспарлануда. Онда мүше мемлекеттердің өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелері бойынша көпжақты әріптестікті одан әрі дамытуға ортақ көзқарастары көрсетіледі.
Алдағы кездесу тұтастай алғанда қауіпсіздік пен тұрақтылық саласындағы өңірлік әріптестікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді және ШЫҰ аясындағы Қазақстанның көпжақты ынтымақтастығының деңгейін арттыруға, сондай-ақ өңірдегі негізгі әріптестермен сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы тығыз саяси диалогқа бағытталған, деп атап өтті Смадияров.
Жаңалықтар
0