https://sputnik.kz/20240401/bishimbaev-soty-prokuror-men-advokat-sozge-kelip-qaldy-43339521.html
Бишімбаев соты: прокурор мен адвокат сөзге келіп қалды
Бишімбаев соты: прокурор мен адвокат сөзге келіп қалды
Sputnik Қазақстан
Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың іске қатысы жоқ мәліметтерді жариялауға қарсы екенін мәлімдеді 01.04.2024, Sputnik Қазақстан
2024-04-01T16:51+0500
2024-04-01T16:51+0500
2024-04-01T16:52+0500
қуандық бишімбаевтің ісі
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43333943_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2c9e4cfe3f5266bebdb6e01ee4cc518f.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі психикалық ауруға шалдыққанын мәлімдеді. Бірақ жәбірленушілер оның сөзін жоққа шығарды. Ал прокурор мен қорғаушы адвокат сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінгі сотта Бишімбаевқа сөз берілді. Сол кезде судья оған бірнеше рет ескерту жасады. Себебі ол тағылған айыпқа қатысы жоқ әңгімені айтып кетті. Ал біршама уақыттан кейін Салтанаттың "сырын" жайып салды.Осы кезде прокурор Айжан Аймағанова іске қатысы жоқ мәліметтерді жариялауға қарсы екенін мәлімдеді. Ал судья Айжан Көлбаева Бишімбаевқа тағы ескерту жасады. Сотта айтылған барлық мәселе тек нақты іске қатысты болуы керек. Бірақ Бишімбаев қайтпады, тағы психологиялық ауру туралы айта бастады. Прокурор оны тағы тоқтатты. Ал Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова оған қарсы шықты. Екеуі сөзге келіп қалды. Бишімбаев тоқтаған жоқ. Сол кезде прокурор оның алқабилерді жаңылыстыруға тырысып жатқанын айтты."Бишімбаев бұны сотқа дейнгі тергеу кезінде айттым дейді. Ол бес рет жауап беруден бас тартты. Бес рет. Сонда қашан айтты? Алқабилерді жаңылыстырмасын", - деді прокурор Аймағанова.Жәбірленуші тарап алқабилерге анықтаманы ұсынды. Оған сәйкес, Салтанаттың әкесі психикалық аурумен есепте тұрмаған. Ал прокурор мен адвокат судьядан ескерту жасады. Себебі екеуі сот залында бір-біріне дауыс көтерді.Ал Бишімбаев сөзін жалғастырды, біршама уақыттан кейін Салтанатқа арнайы дәрі сатып алып бергенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/01/43333943_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_30c04964afc3b7e8a0497dc573b2fbf2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаевтің ісі
Бишімбаев соты: прокурор мен адвокат сөзге келіп қалды
16:51 01.04.2024 (жаңартылды: 16:52 01.04.2024) Прокурор Айжан Аймағанова Бишімбаевтың іске қатысы жоқ мәліметтерді жариялауға қарсы екенін мәлімдеді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың әкесі психикалық ауруға шалдыққанын мәлімдеді. Бірақ жәбірленушілер оның сөзін жоққа шығарды. Ал прокурор мен қорғаушы адвокат сөзге келіп қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінгі сотта Бишімбаевқа сөз берілді. Сол кезде судья оған бірнеше рет ескерту жасады. Себебі ол тағылған айыпқа қатысы жоқ әңгімені айтып кетті. Ал біршама уақыттан кейін Салтанаттың "сырын" жайып салды.
"Оның көңілі он күн сайын құбылып тұрды. Қит етсе, үйден кетіп қалатын. Ондай әрекеті психикалық-психологиялық жағдайымен байланысты болды. Салтанат менімен ашық сөйлесетін. Маған сенген шығар. Бір жолы әкесі екеуінде психикалық аурудың бар екенін айтты. 2022 жылы маусымда...", - деді Бишімбаев.
Осы кезде прокурор Айжан Аймағанова іске қатысы жоқ мәліметтерді жариялауға қарсы екенін мәлімдеді. Ал судья Айжан Көлбаева Бишімбаевқа тағы ескерту жасады. Сотта айтылған барлық мәселе тек нақты іске қатысты болуы керек. Бірақ Бишімбаев қайтпады, тағы психологиялық ауру туралы айта бастады. Прокурор оны тағы тоқтатты. Ал Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова оған қарсы шықты. Екеуі сөзге келіп қалды. Бишімбаев тоқтаған жоқ. Сол кезде прокурор оның алқабилерді жаңылыстыруға тырысып жатқанын айтты.
"Бишімбаев бұны сотқа дейнгі тергеу кезінде айттым дейді. Ол бес рет жауап беруден бас тартты. Бес рет. Сонда қашан айтты? Алқабилерді жаңылыстырмасын", - деді прокурор Аймағанова.
Жәбірленуші тарап алқабилерге анықтаманы ұсынды. Оған сәйкес, Салтанаттың әкесі психикалық аурумен есепте тұрмаған. Ал прокурор мен адвокат судьядан ескерту жасады. Себебі екеуі сот залында бір-біріне дауыс көтерді.
Ал Бишімбаев сөзін жалғастырды, біршама уақыттан кейін Салтанатқа арнайы дәрі сатып алып бергенін айтты.