Абай облысында су тасқыны кезінде жоғалған екі шопан құтқарылды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуВертолет Ми-8
Вертолет Ми-8 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Абай облысының Көкпекті ауданында екі шопанды іздестіру жұмыстары МИ-17 тікұшағының көмегімен жүргізілді.
Шопандардың айтуынша, олар малды айдауға шыққан, бірақ Көкпекті өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қыстаққа өз бетінше орала алмаған.
Құтқарушылардың қабылдаған шараларымен 39 жастағы ер адам "Тассай-Көкпекті" автожолының көпірінен табылды, оны қайықтың көмегімен жағаға жеткізді.
33 жастағы екінші адам таңертең Көкпекті өзенінің маңындағы аралдан табылды. Ол Ми-17 тікұшағының көмегімен жағаға жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.
Жаңалықтар
0