https://sputnik.kz/20240331/zhelide-aida-balaevanyn-atynan-zhalgan-zharnama-taratylyp-zhatyr-43307347.html
Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таратылып жатыр
Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таратылып жатыр
Sputnik Қазақстан
Алаяқтар күмәнді сілтеме арқылы өтіп, ЖСН енгізуді ұсынады 31.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-31T11:01+0500
2024-03-31T11:01+0500
2024-03-31T11:01+0500
алаяқ
жарнама
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_512f56384a390d33e6fa1600b1dd09bb.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама таратылып жатыр. Мәтінде мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлем тағайындауды тапсырғаны айтылған. Бұл фейк, деп хабарлады stopfake.kz.Алаяқтар қандай сома тағайындалғанын білу үшін күмәнді сілтеме арқылы өтіп, ЖСН енгізуді ұсынады.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ.Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықты ресми порталда жариялайды. Онда да төлем туралы ақпарат жоқ.Бұған дейін желіде Қаржы министрлігі мен Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын.
https://sputnik.kz/20240329/alayaqtar-qazaqstandyqtarga-44-mln-ret-qonyrau-shalgan-43272432.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/440/55/4405545_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_fe18e064bf9eb935f2d3d8fe55246177.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алаяқ, жарнама
Желіде Аида Балаеваның атынан жалған жарнама таратылып жатыр
Алаяқтар күмәнді сілтеме арқылы өтіп, ЖСН енгізуді ұсынады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның суретімен жалған жарнама таратылып жатыр. Мәтінде мемлекет басшысы қазақстандықтарға төлем тағайындауды тапсырғаны айтылған. Бұл фейк, деп хабарлады
stopfake.kz. Алаяқтар қандай сома тағайындалғанын білу үшін күмәнді сілтеме арқылы өтіп, ЖСН енгізуді ұсынады.
"Белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаған жөн. Алаяқтар оларды жеке мақсатта пайдаланады", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат болмаған және жоқ.
Мәдениет және ақпарат министрлігі де барлық жаңалықты ресми порталда жариялайды. Онда да төлем туралы ақпарат жоқ.
Бұған дейін желіде
Қаржы министрлігі мен
Ұлттық қордың атынан төленетін төлемдер туралы осындай фейк ақпараттар тараған болатын.