Сәбит Досанов дүниеден өтті – Тоқаев жазушының отбасына көңіл айтты

CC0 / Paul O'Rear / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу
Президентдраматургтің көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланғанынатап өтті
АСТАНА, 31 наурыз– Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушы Сәбит Досановтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, депхабарлады Ақорда.
"Сәбит Айтмұханұлы қазақ әдебиетінің өркендеп қанат жаюына елеулі үлес қосты. Ұлттық проза мен драматургияның дамуына нағыз шығармашыл тұлға ретінде бар саналы ғұмырын арнады", – деп жазылған жеделхатта.
Президентдраматургтің көркем туындылары сүйікті оқырмандарының тарапынан жоғары бағаланғанынатап өтті.
"Соңына өшпес әдеби бай мұра қалдырған Сәбит Айтмұханұлының жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
СәбитДосанов – көрнекті қаламгер, драматург, "Отан" орденінің иегері, Мемлекеттік және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтардың лауреаты .
Жаңалықтар
0