https://sputnik.kz/20240331/qazaqstan-khalqyna-qory-su-tasqynynan-zardap-shekken-uylerdin-qurylysyna-qoldau-korsetedi-43318660.html
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге су тасқыны салдарынан зардап... 31.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-31T19:38+0500
2024-03-31T19:38+0500
2024-03-31T19:38+0500
қайырымдылық
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309804_0:174:1170:832_1920x0_80_0_0_86bc3f11bee86ab0adf955a60db45da4.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.Сәйкес шешім қордың төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі кезінде қабылданды.Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы бойынша жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тануы қажет."Қазақстан халқына" қоры Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайтыны айтылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/03/1f/43309804_0:64:1170:942_1920x0_80_0_0_26db8fde813de9623abe5a4eedb2e203.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық, су тасқыны
"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 миллиард теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсетеді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Сәйкес шешім қордың төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі кезінде қабылданды.
Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы бойынша жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тануы қажет.
"Қор растау құжаттарын қабылдағаннан кейін тиісті ішкі шешім бекіту рәсімдерін жүргізеді. Сондай-ақ, қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды", - деп жазылған қордың Телеграмдағы арнасында.
"Қазақстан халқына" қоры Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайтыны айтылды.