https://sputnik.kz/20240331/qaragandy-oblysyndagy-audandardyn-birinde-totenshe-zhagday-zhariyalandy-43317415.html
Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Sputnik Қазақстан
Төтенше жағдайлар департаменті базасында департаменттер, басқармалар мен әкімдіктер қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді 31.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-31T17:36+0500
2024-03-31T17:36+0500
2024-03-31T17:36+0500
төтенше жағдай
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_63bea123b577cb0dc85cfd8ba76b727c.jpg
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Су тасқынына байланысты Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды, себебі мұнда үш елді мекен су астында қалды.Қайрақты, Деріпсал және Ақсу ауылдарындағы су басқан үйлерден 292 адам, оның ішінде 114 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі деп сендірді.Бүкіл Қарағанды облысында жағдай шиеленісіп тұр. Билік гидротехникалық құрылыстар қалыпты жұмыс істеп жатыр деп сендіреді. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан секундына 900 текше метрге дейінгі шығынмен су шығарылуда. Төтенше жағдайлар департаменті базасында департаменттер, басқармалар мен әкімдіктер қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.Сонымен қатар, жол жамылғысының шайылуынс және еріген судың жол бөлігінен асып кетуіне байланысты республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың 6 учаскесі жабық тұр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685287_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_285c278a06969a18a8a05cb810ac37dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, қарағанды облысы
төтенше жағдай, қарағанды облысы
Қарағанды облысындағы аудандардың бірінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдайлар департаменті базасында департаменттер, басқармалар мен әкімдіктер қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Су тасқынына байланысты Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды, себебі мұнда үш елді мекен су астында қалды.
Қайрақты, Деріпсал және Ақсу ауылдарындағы су басқан үйлерден 292 адам, оның ішінде 114 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров зардап шеккендердің барлығына қажетті көмек көрсетіледі деп сендірді.
"Аудандағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Сонымен қатар тасқын су коммуналдық желілерге зақым келтірмеді, елді мекендермен байланыс үзілген жоқ. Менің шешіміммен ауданда төтенше жағдай жарияланды. Тұрғындарға келтірілген шығынды есептейтін арнайы комиссия құрылды. Жедел желі телефоны жұмыс істейді: 8 (710 31) 21-3-04, 21-5-09", - деді Мұхит Мұхтаров.
Бүкіл Қарағанды облысында жағдай шиеленісіп тұр. Билік гидротехникалық құрылыстар қалыпты жұмыс істеп жатыр деп сендіреді. Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынан секундына 900 текше метрге дейінгі шығынмен су шығарылуда. Төтенше жағдайлар департаменті базасында департаменттер, басқармалар мен әкімдіктер қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді.
Сонымен қатар, жол жамылғысының шайылуынс және еріген судың жол бөлігінен асып кетуіне байланысты республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың 6 учаскесі жабық тұр.