Биыл кезекте тұрғандарға 3 мыңнан астам әлеуметтік пәтер беріледі – елорда әкімі

© Photo : Акимат Нур-СултанаАстана тұрғындарына әлеуметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді
Астана тұрғындарына әлеуметтік пәтерлердің кілттері табыс етілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу
Сонымен қатар әкімдік апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды жалғастырады, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтайды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әкімдік биыл кезекте тұрғандарға 3 мың 300 әлеуметтік пәтер тапсыруды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Олар халықтың әлеуметтік осал тобына үлестіріледі. Қаланы аралау барысында бірқатар жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Аумақты абаттандыруға назар аудара отырып, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырдым", – деп әлеуметтік желіде жазды Жеңіс Қасымбек.
Әкімдік қала тұрғындарының тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өзге де мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырады, мәселен "Елорда жастары" арнайы тұрғын үй бағдарламасы аясында жұмыс істейтін жастарға баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.
Сонымен қатар тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайды, тұрғын үй компаниясының (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы) қатысушыларының санаты кеңейді және т.б.
"Сол сияқты апатты жағдайдағы тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзуды жалғастырамыз, құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтаймыз, тұрғын үй кешендерін жөндейміз", – деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.
Жаңалықтар
0