Байқоңырдан зымыран ұшырылды

© Photo : Пресс-служба Роскосмоса Запуск Байконур
Запуск Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу

Спутникті ұшыру және ажырауы, сондай-ақ орбитаға шығуы штатты режимде өтті
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Байқоңыр ғарыш айлағынан Жерді қашықтықтан зондтауға арналған "Ресурс-П" №4 спутнигі бар "Союз-2.1б" зымыраны ұшырылды, деп хабарлады Роскосмос.
Спутник ұшырылғаннан кейін 9 минут 23 секунд өткен соң зымыранның үшінші сатысынан бөлінді, деп хабарлады корпорация.
"Ресурс-П" № 4 спутнигі табиғи ресурстарды зерттеу мақсатында жер бетін жоғары деңгейде мұқият, кең ауқымды және гиперспектрлі оптикалық-электрондық бақылауға арналған, делінген Роскосмос хабарламасында.
Корпорацияның Мәліметінше, оны қоршаған ортаның ластануы мен нашарлауын бақылау, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу, мұз жағдайын бағалау, төтенше жағдайларды бақылау, топографиялық және навигациялық карталарды жасау және жаңарту үшін де пайдалануға болады.
Бұған дейін Жер серігі 70 сантиметрлік мүмкіндікпен Жерді суретке түсіре алатыны хабарланды.
Жаңалықтар
0