Ақтөбе облысында адамдарды тікұшақтардың көмегімен құтқару жалғасып жатыр

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области Эвакуация пострадавших в селе Когалы Кобдинского района завершилась
Эвакуация пострадавших в селе Когалы Кобдинского района завершилась - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ақтөбе облысындағы су басқан аймақтан әскери тікұшақтармен адамдарды эвакуациялау жалғасуда. Төтенше жағдайлар министрлігі өзінің Telegram-каналында құтқару операциясының кадрларын жариялады.
Ведомство ақпаратына сәйкес, бүгін төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағы қорғаныс министрлігімен бірлесіп, кезекті арнайы операция жүргізді.
"Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтың көмегімен Ойыл ауданы Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады, зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
Жаңалықтар
0