https://sputnik.kz/20240331/almaty-oblysynda-su-qoymasynyn-bogeti-buzyldy-zardap-shekkender-zhoq-43316355.html
Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды: зардап шеккендер жоқ
Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды: зардап шеккендер жоқ
Sputnik Қазақстан
Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метр 31.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-31T16:11+0500
2024-03-31T16:11+0500
2024-03-31T16:11+0500
алматы облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/970/77/9707788_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_12a68919c4d3c4089f26cd668923b071.jpg
АЛМАТЫ, 31 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылындағы Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.30 наурызда сағат 15:50-де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метр.ТЖД, ПД, ЖАО қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарда аулаларды аралап, халықты хабардар етті."Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дағдарыстық жағдай туындаған жағдайда эвакуация Қараой ауылы № 49 ОМ және № 18 ОМ жүзеге асырылатын болады. Ол жерде 250 орын дайындалды, эвакуациялау үшін екі автобус, 7 вахтовка дайындалды", - дейді төтенше жағдай саласының мамандары.Жайнақ - Байсейіт ауылы, Қарой ауылы мен Н.Тілендиев автожолында облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды.Тартылған күштер мен құралдармен 250 тонна инертті материал және 3000 қапшықтарды жағаны нығайту және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік техникамен бөгет саңылауын бетон конструкцияларымен және топырақпен жабу жұмыстары жүріп жатыр.ТЖ жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237 ш/б, шекара. Академия 2466 Қараой, РОСО, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер және 70-ке жуық техника жұмылдырылды.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/77/9707788_59:0:966:680_1920x0_80_0_0_dcbe4e0c9f7204923102926767e94724.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, су тасқыны
алматы облысы, су тасқыны
Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды: зардап шеккендер жоқ
Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метр
АЛМАТЫ, 31 наурыз - Sputnik. Алматы облысы Іле ауданы Байкент ауылындағы Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
30 наурызда сағат 15:50-де Іле ауданы Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жарылған бөгеттің ені шамамен 4-5 метр.
"Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасымен ағып, одан әрі Амангелді 1 және Амангелді 2 тоғандарына құяды, онда барлық шлюздер ашық, су транзиттік режимде өтеді, одан әрі су Қаскелең өзеніне және одан әрі Қапшағай су қоймасына құяды", - дейді ведомстводағылар.
ТЖД, ПД, ЖАО қызметкерлері жақын маңдағы ауылдарда аулаларды аралап, халықты хабардар етті.
"Ауланы аралау нәтижесінде үйлерді су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дағдарыстық жағдай туындаған жағдайда эвакуация Қараой ауылы № 49 ОМ және № 18 ОМ жүзеге асырылатын болады. Ол жерде 250 орын дайындалды, эвакуациялау үшін екі автобус, 7 вахтовка дайындалды", - дейді төтенше жағдай саласының мамандары.
Жайнақ - Байсейіт ауылы, Қарой ауылы мен Н.Тілендиев автожолында облыстық маңызы бар көпір өткелдерінде су деңгейін мониторингілеу және автокөлік құралдарын өткізу үшін ЖПҚ бекеттері қойылды.
Тартылған күштер мен құралдармен 250 тонна инертті материал және 3000 қапшықтарды жағаны нығайту және төсеу жұмыстары жүргізілуде. Инженерлік техникамен бөгет саңылауын бетон конструкцияларымен және топырақпен жабу жұмыстары жүріп жатыр.
ТЖ жоюға Алматы облысы ТЖД, ЖАО, ПД, 28237 ш/б, шекара. Академия 2466 Қараой, РОСО, РЭҚ және Газ қызметінен барлығы 300-ге жуық қызметкер және 70-ке жуық техника жұмылдырылды.