Қоғам

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды таныстырды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
Бейбітшілік құсы – көгершін мен зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болды
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк "Қазақстанды монеталар арқылы таны" сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.
Монеталар:
күмістен жасалды, сынамасы – 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге. Монеталардың таралымы – 300 дана.
МН 25 нейзильбер қоспасынан жасалды. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік. Монеталардың таралымы – 5 000 дана.
Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде Ұлттық банктің сапа сертификатымен кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.
© пресс-служба НацбанкаКүмістен жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты WORLD PAINTING из серебра - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Күмістен жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары
"Монеталардың бәрі де Қазақстанның бүкіл аумағында номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады", - делінген хабарламада.
© пресс-служба НацбанкаМельхиордан жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты WORLD PAINTING из мельхиора - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Мельхиордан жасалған WORLD PAINTING коллекциялық монеталары
Монеталардың сатылымға шығарылатын күні туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады.
Айта кетері, коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

World Painting коллекциялық монеталарының ерекшелігі

Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті – Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің бейбітшілік құсы – көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр.

World Painting жобасы

Халықаралық әлеуметтік арт-жоба – әлем елдері өкілдерінің қолынан шыққан фрагменттер мозаикасынан тұрады. "Әлем бейнесі" бір қылқаламды бір-біріне беру арқылы ең көп адам қатысқан өнер туындысы ретінде Гиннес рекордын орнатты.
Арт-жобаға 200-дей елден 2070 адам бояу ізін қалдырды. Кенептің ұзындығы – 4 метр, биіктігі 1 метр 27 сантиметр. Бұл – жер шарының кішірейтілген ауқымдағы параметрлері. "Әлем бейнесі" туындысының көшірмесі халықаралық ғарыш станциясын да шарлап қайтты.
Арт-объект – планетаның барлық тұрғыны ұлтына, нәсіліне, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан Жер бетінде үйлесімділік пен келісім орнаған бейбіт әрі берекелі өмірді армандайтынының айқын дәлелі.
Кенепте Олжас Сүлейменов, Димаш Құдайберген, Александр Винокуров, Тимур Бекмамбетов, Николя Саркози, Рой Джонс, Бай Линг және басқа да танымал адамдар өз белгілерін қалдырды.
Жаңалықтар
0