Өңірлер

Қостанайда балалар ауруханасын жөндеу кезінде мердігерге ақша заңсыз аударылған

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
Ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 1,2 миллиард теңгеге келісім жасалған
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Қостанай облысының прокуратурасы тексеру комиссиясымен бірлесіп облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты игерілуі бойынша тексеріс жүргізді.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, 2020 жылғы шілдеде тапсырыс беруші "Қостанай облыстық балалар ауруханасы" КМК мен мердігер "Вершина" ЖШС арасында ғимаратты күрделі жөндеуден өткізуге 1,2 миллиард теңгеге келісім жасалған. Кейін мердігерге 921 миллион теңге аударылған, алайда жұмыс аяқталмай, жасалған келісімшарт бұзылған.
"Тексеріс көрсеткендей, қаражаттың бір бөлігі "Вершина" ЖШС-ға жөндеу жұмыстарының аяқталғанын растайтын құжаттарсыз негізсіз аударылған", - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы "Қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.01.2024
Қоғам
Алматыдағы аграрлық университетте миллиондаған бюджет қаражаты ұрланған
Жаңалықтар
0