Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Эстония премьер-министрі Украинаға қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Эстония премьер-министрі Кая Каллас Украина қарулы күштерінің снаряд тапшылығына және олардың Ресей армиясына қарсы тұруға қабілетсіздігіне алаңдап отыр, деп хабарлады РИА Новости ERR басылымына сілтеме жасап.
"Мен біраз алаңдап тұрмын. Украинадан оқ-дәрі жетпей жатқаны туралы хабарламалар келіп жатыр. Мен қазір майдан шебіндегі украиналық жауынгерлердің осы себеппен жараланғандарды шығара алмай жатқаны туралы меморандумдарды оқып жатырмын", - деді ол.
Эстонияның қорғаныс министрі Ханно Певкур да Еуропаның Киевке снаряд сатып алуға ақшасы жетпейтінін айтты. Оның үстіне оларды майданға жіберер алдында тексеру керек. Бұл снарядтар ең жақын дегенде жылдың соңына қарай майданға жетеді дегенді білдіреді, деді Певкур.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қару-жарақ тиелген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты. Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинаны Батыстан қару-жарақпен жабдықтау Ресей-Украина келіссөздерінің сәтті дамуына тек кері әсер ететінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
0