Жетісуда инвесторлар халықаралық әуежай салады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет. Архивное фото
Самолет. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Жоба 2032 жылы толығымен аяқталады. Ал әуежай 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланған
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Жетісу облысында "Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи әуе айлағы салынады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бірлескен қазақ-неміс жобасына 250 млрд теңге инвестиция тартылып, 700 жұмыс орнын құрылады деп жоспарланған. Қуаты 50 мың тонна жүк тасымалдауға, жолаушылар терминалынан сағатына 500 адамға дейін өткізуге қабілетті.
Инвесторлармен өткен кездесуде Бейбіт Исабаев Жетісу облысының транзиттік әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан ТМД елдері мен Еуропаға дейінгі маңызды маршруттардың қиылысында "Қорғас – Шығыс қақпасы" еркін экономикалық аймағы орналасқан. Оның құрамына Құрғақ порт, жалпы ауданы 5 мың гектарға жуық логистикалық және индустриялық аймақтар кіреді.
"Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтың бірыңғай тізіліміне 56 қатысушы тіркелген, олардың жалпы құны 800 млрд теңгеден асатын жобалары бар. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі нысандарының бірі – "KTZE-Khorgos Gateway" құрғақ порты", – деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, бұл – Орталық Азиядағы аумағы 103 гектарға жуық жерді алып жатқан ең ірі құрғақ порт. Ол теңіз логистикалық хабтарының айрықша баламасы болып отыр. Сол сияқты Қазақстан бойынша теңгерімінде өзінің теміржол инфрақұрылымы бар жалғыз терминал.
Халықаралық жүк-жолаушылар әуежайын салудан бөлек, мұнда қажетті инфрақұрылыммен қамту, сондай-ақ оны кезең-кезеңімен кеңейту, өндірістік қуатын ұлғайту, қонақ үй, сауда-ойын-сауық орталығын іске қосу көзделген.
Осылайша жоба 2032 жылы толығымен аяқталады. Ал әуежай 2027 жылы жұмысын бастайды деп жоспарланған.
жобаны іске асырудың І кезеңінде әуежайдың негізгі инфрақұрылымы салынады, ал І және ІІІ кезеңдерде қосымша инфрақұрылымдарды аяқтау, жолаушылар терминалының өткізу қабілетін, жүк және отын қоймаларының қуатын кеңейту қарастырылған.
Бейбіт Исабаевтың айтуынша, жобаны іске асыру үшін мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі.
Жаңалықтар
0