https://sputnik.kz/20240329/ukraina-duniezhuzilik-bankten-berilgen-nesie-ayasynda-transh-aldy-43286500.html
Украина Дүниежүзілік банктен берілген несие аясында транш алды
Украина Дүниежүзілік банктен берілген несие аясында транш алды
Sputnik Қазақстан
Жапония бір миллионға жуық доллар, Ұлыбритания тағы 500 мың доллар бөлді 29.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-29T18:21+0500
2024-03-29T18:21+0500
2024-03-29T18:21+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Украина Дүниежүзілік банктен берілетін несиенің бір бөлігі ретінде 1,5 миллиард доллар транш алды, деп хабарлады елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль әлеуметтік желіде.Премьер-министрдің айтуынша, Жапония бір миллионға жуық доллар, Ұлыбритания тағы 500 мың доллар бөлді. Шмыгальдың айтуынша, бұл қаражат әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктерге арналған бюджет шығыстарына жұмсалады.Наурызда Жоғарғы Раданың бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласа Украинаның 87 миллиард доллар жылдық бюджетінің жартысына жуығын қорғаныс шығындарына бөлгенін, бірақ оның ішкі кірісі небәрі 46 миллиард долларды құрағанын хабарлады. Мобилизацияның кезекті ықтимал толқынына байланысты шығын одан әрі ұлғаяды деп күтілуде, өйткені әскерге шақырылғандарға ақы төлеуге, оқытуға және жабдықтауға миллиардтаған қаражат қажет.Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлім еткендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен жабылуда, егер АҚШ-тың көмегін тоқтататын болса, билік "Үлкен жетілік" елдерінен көмек сұрауға мәжбүр болады. Қарашаның соңында Владимир Зеленский 43 миллиард доллардан астам тапшылығы бар Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украина Дүниежүзілік банктен берілген несие аясында транш алды
Жапония бір миллионға жуық доллар, Ұлыбритания тағы 500 мың доллар бөлді
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Украина Дүниежүзілік банктен берілетін несиенің бір бөлігі ретінде 1,5 миллиард доллар транш алды, деп хабарлады елдің премьер-министрі Денис Шмыгаль әлеуметтік желіде.
"Украина даму саясатын қолдауға арналған несие аясында Дүниежүзілік банктен 1,5 миллиард доллар транш алды", - деп жазды Шмыгаль әлеуметтік желідегі парақшасында.
Премьер-министрдің айтуынша, Жапония бір миллионға жуық доллар, Ұлыбритания тағы 500 мың доллар бөлді. Шмыгальдың айтуынша, бұл қаражат әлеуметтік-гуманитарлық қажеттіліктерге арналған бюджет шығыстарына жұмсалады.
Наурызда Жоғарғы Раданың бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласа Украинаның 87 миллиард доллар жылдық бюджетінің жартысына жуығын қорғаныс шығындарына бөлгенін, бірақ оның ішкі кірісі небәрі 46 миллиард долларды құрағанын хабарлады. Мобилизацияның кезекті ықтимал толқынына байланысты шығын одан әрі ұлғаяды деп күтілуде, өйткені әскерге шақырылғандарға ақы төлеуге, оқытуға және жабдықтауға миллиардтаған қаражат қажет.
Украиналық парламентарий Александра Устинова бұған дейін мәлім еткендей, мемлекеттік бюджеттегі тапшылық Батыстың қаржыландыруымен жабылуда, егер АҚШ-тың көмегін тоқтататын болса, билік "Үлкен жетілік" елдерінен көмек сұрауға мәжбүр болады. Қарашаның соңында Владимир Зеленский 43 миллиард доллардан астам тапшылығы бар Украинаның 2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеті туралы заң жобасына қол қойды.