Сот отырысында Салтанаттың ағасы Нүкенованың соққыға жығылған фотоларын көрсетті

Экс-министр нацэкономики Бишимбаев на суде отказался признать свою вину в систематических избиениях гражданской жены Салтанат Нукеновой
 Экс-министр нацэкономики Бишимбаев на суде отказался признать свою вину в систематических избиениях гражданской жены Салтанат Нукеновой - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Нүкенова некесін сақтап қалғысы келген
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Сот талқылауында Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді сөз сөйлейді.
Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаев пен Нүкенованың арасында жанжал бұған дейін де болғанын айтты. Салтанат ағасына азаматтық некедегі күйеуі – бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соққыға жыққанын айтып, фотосуреттер жіберген.
Айтбек Амангелдінің айтуынша, Нүкенова Бишімбаевтың ұрып-соққаны туралы 2023 жылдың 20 наурызында айтқан. Сол күні Салтанат мессенджер арқылы фотоларды жіберіп, ағасынан оны сақтап қоюын өтінген, ал өзі фотосуреттер мен смс жазбаларды өшіріп тастаған.

"Алдымен оған қоңырау шалдым. Ол телефонды көтермеді. Уайымдай бастадым, Қуандыққа хабарластым. Ол менен не болғанын сұрады. Маған: "Үйге кел, сөйлесейік, бәрін талқылайық" деп айтты", - дейді сот залында Айтбек Амангелді.

"Кел" деп шақырған Қуандық Бишімбаевты марқұмның ағасы үйінен таба алмаған.
"Есікті Қуандықтың басқа некеден туған қызы ашты. Ол мені танитын болған соң есікті ашты. Бірақ ол жерде Қуандықтың қызы мен менен басқа ешкім болған жоқ", - дейді Амангелді.
Оның айтуынша, түнгі сағат екіге жуық Бишімбаев Нүкенова екеуі тұрған пәтерге келген. Үйде Қуандықтың бұрынғы некеден туған қызы болған. Айтбек Салтанаттың қайда екенін сұраған, алайда Бишімбаев оған білмеймін деп жауап берген.
Нүкенованың ағасының айтуынша, Қуандық бұл – олардың отбасы, сол себепті кіріспе деп жауап берген.
"Үйленсеңдерде, ол – менің қарындасым. Бұл іске мен кірісемін дедім. Қуандық мені итеріп шығарып жібермек болды, арамызда төбелес басталды. Мен оған Салтанаттың қайда екенін айтпаса, бұл суреттерді анасына жіберетінімді айттым", - деді Салтанаттың ағасы.
Телефондағы геолокация Нукенованың осы ғимаратта екенін көрсеткен. Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасынан Нүкенованың қосымша кілті барын және оның үшінші қабаттағы пәтерде болуы мүмкін екенін білген. Алайда Айтбек пәтерге кіре алмаған.
"Менің басыма түрлі ойлар келді. Сүйгенадамы опасыздық жасады, жағдайы қалай екен, алған жарақатынан өліп кетуі де мүмкін ғой деп уайымдадым. Полицияға хабарласым, қарындасымды күйеуінің ұрғанын айттым. Олардың келіп, есікті бұзып ашуын сұрадым", - деді Айтбек Амангелді.
Ол есікті сындырып үлгерген, содан кейін Салтанат есікті ашқан, бірақ ағасымен кетуге келіспеген.
"Мен оған: "Заттарыңды жина, кетеміз, мұның бәрі саған қажет пе" дедім. Ол өзінің ересек адам екенін, күйеуін жақсы көретінін, некелерін сақтап қалатынын айтты. Мен оған: "Сәл қаттырақ ұрғанда, сені өлтіріп қояр еді" дедім", - деп сөзін түйіндеді Айтбек Амангелді.
Еске сала кетейік, Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, Бишімбаев әйелін бірнеше сағат бойы өзінің мейрамханасында ұрып-соққан.
Аса қатыгездікпен адам өлтіру бабы бойынша Бишімбаевқа 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Сотталушылардың орындығында оның туысы Бақытжан Байжанов та отыр, ол қылмысты жасырды деген күдікке ілінді.
Процеске судья Айжан Құлбаева төрағалық етуде.
 Экс-министр нацэкономики Бишимбаев на суде отказался признать свою вину в систематических избиениях гражданской жены Салтанат Нукеновой - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды - тікелей трансляция
Жаңалықтар
0