https://sputnik.kz/20240329/qytaylyq-kompaniya-qazaqstanda-gidroenergetikalyq-nysandar-saluga-nietti--43274100.html
Қытайлық компания Қазақстанда миллиард доллардың жел электр станцияларын салады
Қытайлық компания Қазақстанда миллиард доллардың жел электр станцияларын салады
Sputnik Қазақстан
Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті 29.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-29T10:23+0500
2024-03-29T10:23+0500
2024-03-29T10:58+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38063877_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6cb3f8bb9c5851ea793c369103b3c56b.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды. Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі саналатын SPIC корпорациясының басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуға қатысты жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жобаларға бір миллиард доллардан астам инвестиция салынған. Лю Миншэннің айтуынша, компания Қазақстанда ауқымды гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті. Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1f/38063877_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_00b1822604a404d60052ab367b36c7a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай
қасым-жомарт тоқаев, қытай
Қытайлық компания Қазақстанда миллиард доллардың жел электр станцияларын салады
10:23 29.03.2024 (жаңартылды: 10:58 29.03.2024) Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Президент ҚХР-ға жұмыс сапары аясында State Power Investment Corporation (SPIC) компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Лю Миншэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде жаңартылатын энергия көздеріне негізделген серіктестік перспективасы талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа China Power International Holding еншілес компаниясының Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатқаны жөнінде мәлімет берілді. Соңғы бес жылда Жаңатаста жел энергиясы жобасы жүзеге асырылып, Қарағандыда күн электр станциясы салынды.
Қытайдың ең ірі энергетикалық компанияларының бірі саналатын SPIC корпорациясының басшысы Жамбыл және Павлодар облыстарында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салуға қатысты жаңа инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Бұл жобаларға бір миллиард доллардан астам инвестиция салынған.
Лю Миншэннің айтуынша, компания Қазақстанда ауқымды гидроэнергетикалық жобалар мен бу-газ турбиналарын салу перспективасын зерттеуге ниетті.
Президент еліміздің жаңартылатын энергия саласына үздік халықаралық технологиялар мен тәжірибелерді енгізуге мүдделі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Миншэнді биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.