Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Көктемде әскерге шақырылғандар арнайы операцияға қатыса ма - РФ Бас штабы жауап берді

© Александр Кряжев / Медиабанкке өтуСумка призывника в сборном пункте военного комиссариата, архивное фото
Сумка призывника в сборном пункте военного комиссариата, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
Жас сарбаздарды Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жинақтау пункттерінен әскерге жіберу 15 сәуірде басталады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Биылғы көктемде әскери қызметке шақырылған азаматтар арнайы операцияға тартылмайды, қызмет ету мерзімі бұрынғыдай бір жылды құрайды, деп мәлімдеді РФ ҚК Бас штабы бас ұйымдастыру-жұмылдыру басқармасының басшысы генерал-полковник Евгений Бурдинский "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Мен әскерге шақырылғандар мен олардың ата-аналарын сабырға шақырғым келеді — бұл тақырып бүгінде жиі талқыланып жатқанын білемін. Сондықтан, әскерге шақыру мерзімі өзгеріссіз қалады дегенді тағы айтып отырмын. Бұрынғыдай ол бір жыл болады және әскери қызметке шақырылған азаматтар арнайы әскери операцияға тартылмайды", - деді генерал-полковник.
Оның айтуынша, көктемгі әскерге шақыру 1 сәуір мен 15 шілде аралығында өтеді. Жас сарбаздарды Ресей Федерациясының өңірлеріндегі жинақтау пункттерінен әскерге жіберу 15 сәуірде басталады деп жоспарланып отыр.
Бұған дейін Мемлекеттік думаның қорғаныс істері жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов әскерге шақыру жоспар бойынша өтетінін, әскерге шақырылғандар саны тұрақты екенін, депутат олардың арнайы операция аймағына жіберілмейтінін де айтты.
Жаңалықтар
0