Каспий жағалауынан итбалықтардың өлексесі табылды

© Photo : Facebook (запрещено в РФ) / Caspian Seal Research and Rehabilitation CenterБолее 100 мертвых тюленей обнаружено на побережье Каспия
Более 100 мертвых тюленей обнаружено на побережье Каспия - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2024
Жазылу
62 өлі итбалықтың өлексесі табылды
АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Каспий теңізінде итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды ауылшаруашылығы министрлігінің балық шаруашылығы комитеті.
29 наурызда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы маңындағы Каспий теңізі жағалауында итбалықтардың өлексесін тапқан.
"Сағат 15-00-дегі жағдай бойынша 62 өлі итбалықтың өлексесі табылды", - деп жазды ведомство.
Итбалықтар табылған жерге экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барған.
"Өлі итбалықтар табылған жерден су сынамасы алынды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауында монтиоринг жүргізіп жатыр", - дейді комитет.
Жаңалықтар
0